29.03.2013, 12:40 4568

Ақтөбеде тағы бір тастанды бала табылды

Темір ІІАБ кезекші бөліміне 102 телефоны бойынша Шұбарқұдық аулының 49 жастағы тұрғыны хабарласып, өзінің жеке үйінің ауласындағы әжетхана шұңқырынан жаңа туған сәби жатқанын хабарлайды, деді облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Ақтөбе. 29-наурыз. Kazakhstan Today - Ақтөбеде тағы бір тастанды бала табылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Темір ІІАБ кезекші бөліміне 102 телефоны бойынша Шұбарқұдық аулының 49 жастағы тұрғыны хабарласып, өзінің жеке үйінің ауласындағы әжетхана шұңқырынан жаңа туған сәби жатқанын хабарлайды, деді облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Оқиға орнына жедел-тергеу тобы шұғыл түрде жетті. Полицейлер төсек жаймасына оралған сәбиді шұңқырдан аман алып шықты. Содан кейін қатты тоңып қалған жаңа туған қыз баланы жедел медициналық көмек бригадасына тапсырды. Нәрестенің салмағы 3,800 грамм, бойы 52 см.

"Ізін суытпай, бір тәулік өткен соң полицейлер тастанды баланың анасын тапты. Ол жергілікті тұрғын - 23 жастағы тұрмыс құрмаған қыз болып шықты. Оның айтуынша, оның жүктілік мерзімі жеті ай болған және түнде өзін нашар сезініп, далаға шыққанда босанған. Содан кейін баланы жаймаға орап, әжетхана шұңқырына тастаған", - деді Сарқұлов.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 24, 29-баптары бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сот-медициналық сараптама тағайындалып, тергеу жүргізілуде.

Ағымдағы жыл басынан бері облыста 22 тастанды бала тіркелген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны