18.04.2008, 18:01 3111

Ақтөбеде тұрғылықты жерлері жоқ тұлғаларды қолдау үшін қоғамдық қор құрылды

Ақтөбеде тұрғылықты жерлері жоқ тұлғаларды қолдау үшін қоғамдық қор құрылды

Ақтөбе. 18-сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Ақтөбеде тұрақты тұрғылықты жерлері жоқ тұлғаларды қолдау үшін қоғамдық қор құрылды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

Ақтөбенің тұрғылықты жерлері жоқ тұлғаларға арналған уақытша адаптациялау және реаблитациялау орталығының директоры Айдархан Наурызғалиевтің айтуынша, орталық аталмыш қорды осы мекемеге келіп түскен адамдарды жұмыспен қамтамасыз ету мақсатында ашып отыр.

"Бізге келіп түскен баспанасыздар өздерінің денсаулықтарын жақсартады, ал біз оларға жоғалған құжаттарын қайта қалпына келтіруге көмектесеміз, бірақ олардың көбісі бізден шыққаннан кейін өзімізге қайта келеді, себебі олардың баспаналары мен жұмысқа орналасу мүмкіндіктері жоқ",- деді А. Наурызғалиев.

Осыған байланысты орталық қоғамдық қор құрып, баспанасыздарды жұмыспен қамтамасыз ету үшін осы қордың атынан ұйымдармен және кәсіпорындармен келісім шарттар жасайтын болады.

Орталық директорының айтуынша, "өзінің қамқорлығына алғандарда жұмысқа орналасу мүмкіндіктері төмен, ал егер олар өздері жалданып жұмыс істесе қор арқылы несие алу да мүмкін болмақ, себебі қайырымдылық көмекке сүйенуге болады".

Қазіргі уақытта Ақтөбенің тұрғылықты тұратын жерлері жоқ тұлғаларға арналған уақытша адаптациялау және реаблитациялау орталығында 58 адам тұрып жатыр. Олардың басым көпшілігі қор арқылы жұмыспен қамтамасыз етілген. Атап айтқанда, олар көше тазалауға жұмылдырылған, еңбек ақылары жұмыс істеген сағаттары бойынша төленеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны