24.10.2007, 18:23 4157

Ақтөбеде тұрғылықты жерлері жоқ тұлғаларға арналған әлеуметтік қонақ үй ашылады

Ақтөбеде тұрғылықты жерлері жоқ тұлғаларға арналған әлеуметтік қонақ үй ашылады.

Ақтөбе. 24-қазан. "Қазақстан Бүгін" - Ақтөбеде тұрғылықты жерлері жоқ тұлғаларға арналған әлеуметтік қонақ үй ашылады. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне қалалық тұрғылықты жерлері жоқ тұлғаларды әлеуметтік бейімдеу орталығынан хабарлады.

Бұл мекеменің директоры Айдархан Наурызғалиевтың айтуынша, жаңа ғимарат орталық жанынан ашылады және де 30 орынға есептелген. Қонақ үйге тек әлеуметтік бейімделудің бірінші кезеңінен өткендер ғана қабылданады, яғни бұрынғы қаңғыбастық өмірден қалыпты өмірге қайта келгендер. Оларға қонақ үйде баспана мәселесін шешкенге дейін тегін тұру құқығы беріледі.

А. Нұаурызғалиевтің хабарлауынша, "бүгінде орталықта 58 адам тұрады". "Мұнда келген олар өздерінің денсаулықтарын оңалтады, мекеме әкімшілігі олардың құжаттарын қайтадан қалпына келтіріп, жұмысқа орналасу мәселелерін шешеді",- деп атап өтті ол.

Оның айтуынша, тек үстіміздегі жылы орталыққа облыстық бюджеттен 19,8 млн теңге бөлінген. "Бірақ іс жүзінде біздің "түлектеріміздің" 20 пайызы мекемеге қайта келеді. Сондықтан да әлеуметтік қонақ үй салу аталмыш мәселені шешуде оң шешім, ал ең бастысы - мемлекеттік бюджеттің мұндай адамдардың әлеуметтік бейімделуіне жұмсап отырған қаржысы желге ұшпайды",- деп қосты А. Наурызғалиев.

Сонымен қатар, Ақтөбенің әлеуметтік бейімделу орталығы тұрғылықты жерлері жоқтарға арнап 40 орынды түнейтін үй салмақ. "Бұл мәселе әсіресе алдағы тақап қалған аязды қыста өте маңызды", - деп мәлім етті А. Наурызғалиев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны