11.05.2018, 23:22 3160

Ақтөбеде Тұрғын үй құрылыс жинақ банкініӊ 311 салымшысы пәтерлі болды

- 2014 жылдан бері ай сайын жалақымныӊ бір бөлігін банктегі шотыма аударып отырдым. Бүгін, міне, жаӊа үйге кіруге дайындалып жатырмыз. Бірінші кезекте ата-анамды көшіріп алып келемін. Бұған дейін біз отбасы болып пәтер жалдайтынбыз, жайсыз болды, әрі шығыны да көп. Енді несие бойынша ай сайынғы төлемім 40 000 теӊгені құрайтын болады. Бұл - мен үшін қолайлы баға, - деп тәжірибесімен бөлісті ҚТҚЖБ клиенті Нұрбек Мырзабай.

Ақтөбе. 11 мамыр. Kazakhstan Today - "Нұрлы жер" бағдарламасыныӊ аясында "Нұр Ақтөбе" ықшам ауданында 2152 пәтер пайдалануға беріліп отыр. Алғашқы 650 үй өз иелерін тапқан болатын. Бұдан бөлек "Қазақстанныӊ Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ-ныӊ ("Бәйтерек" холдингініӊ еншілес ұйымы) тағы311 салымшысы Ақтөбе облысыныӊ әкімі Бердібек Сапарбаев пен Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимованыӊ қолынан пәтер кілтін алды.

- Ақтөбе облысы пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі бойынша көшбасшы болып келеді. 2152 пәтер беріліп отыр, оныӊ 962-сі сатылды. Бұдан бөлек жыл соӊына дейін тағы 1 655 пәтер пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Мемлекеттік бағдарламаныӊ осынша сәтті орындалуы - аймақ әкімдігініӊ тиімді жұмысыныӊ нәтижесі. Банк өз кезегінде қолжетімді займдар беру арқылы салынған үйлерді сатып алуда халыққа көмегін көрсетіп отыр. Жақында "Нұрлы жер" бағдарламасыныӊ аясында несие алу бұрынғыдан да жеӊілдей түсетін болады. Банк мемлекеттік бағдарламаныӊбастапқы жарнасын30%-дан 20%-ға түсіру туралы бастама көтерді. Өзгеріс жақын арада іске қосылатын болады, - деп атап өтті Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі Ләззат Ибрагимова.

Ақтөбе қаласында банк салымшылары үшін 1 шаршы метр бағасы 110 000-120 000 теӊге аралығында болғанын атай кету керек. Бұл "Нұрлы жер" бағдарламасында қарастырылған үй құнынан төмен.

Искери қызметкер Нұрбек Мырзабай 8 млн теӊгеге үш бөлмелі үй алып отыр. Төрт жыл ішінде ол Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіндегі депозитіне үй бағасыныӊ 30%-на теӊ қаражаттыӊ басын құрай алған.

- 2014 жылдан бері ай сайын жалақымныӊ бір бөлігін банктегі шотыма аударып отырдым. Бүгін, міне, жаӊа үйге кіруге дайындалып жатырмыз. Бірінші кезекте ата-анамды көшіріп алып келемін. Бұған дейін біз отбасы болып пәтер жалдайтынбыз, жайсыз болды, әрі шығыны да көп. Енді несие бойынша ай сайынғы төлемім 40 000 теӊгені құрайтын болады. Бұл - мен үшін қолайлы баға, - деп тәжірибесімен бөлісті ҚТҚЖБ клиенті Нұрбек Мырзабай.

Бұдан бөлек жаӊа пәтер иелері мен Тұрғын үй құрылыс жинақ банкініӊ Ақтөбе филиалы қызметкерлері жыл сайын өтетін дәстүрлі "Жасыл Мекен" акциясын бастады. Үй ауласында олар қылқанды және жапырақты ағаштардыӊ 100-ден астам көшетін отырғызды. Банкпен бірге акцияға қатысып, ағаш отырғызған барлық тұрғындар атаулы сертификат пен көшетті қалай күтіп-баптау керектігі туралы нұсқаулық алды. Мұндай сертификатқа ие болған әр жанұя отбасылық ағашымыз бар деп мақтан тұтып, оныӊ жетіліп, жайқалып өсуін қадағалайтын болады.

***

"Қазақстанныӊ тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ - еліміздегі тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін жүзеге асыратын бірден-бір банк. Ұйым Еуропалық құрылыс жинақ кассалары федерациясына (ЕҚЖКФ) және Халықаралық тұрғын үйді қаржыландыру одағына кіреді. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкініӊ жалғыз акционері - "Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны