17.04.2014, 19:47 5851

Ақтөбеде "Ұлт бірлігі - ұлы байлық" фестивалі өтті

Биыл он бесінші рет өткізіліп отырған шараға аймақтағы этномәдени бірлестіктер белсене қатысты. Аудандардан келген өнерпаздар да ерекше ықыласпен дайындалыпты.

Алматы. 17 сәуір. Kazakhstan today. Достық үйінде "Ұлт бірлігі - ұлы байлық" фестивалі өтті. Шараны Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығы, облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы мен Достық үйі ұйымдастырды.

Мақсат, облыста тұратын этностардың тілі мен салт-дәстүрін насихаттап, халықтар арасындағы достықты нығайту, деп облыс әкімдігінде хабарлады.

Биыл он бесінші рет өткізіліп отырған шараға аймақтағы этномәдени бірлестіктер белсене қатысты. Аудандардан келген өнерпаздар да ерекше ықыласпен дайындалыпты.

"Ақтөбе облысында 86 этнос өмір сүруде, аймақтың 20 пайызы - жергілікті ұлт болса, олардың барлығы айрандай ұйып отыр. Біздің мақсатымыз бір, ол гүлденген мемлекет", - деді Облыстық мәдениет басқармасы жетекшісінің орынбасары Қыдырғали Ермұхан.

Айта кетерлігі, 2014 жылы Ақтөбе облысының Достық үйі өзінің бес жылдығын атап өтуде.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны