14.04.2008, 19:09 3095

Ақтөбеде зейнеткерлер мен аз қамсыздандырылған адамдарға арналған алғашқы әлеуметтік дүкен ашылды

Ақтөбеде зейнеткерлер мен аз қамсыздандырылған адамдарға арналған алғашқы әлеуметтік дүкен ашылды

Ақтөбе. 14 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Ақтөбеде зейнеткерлер мен аз қамсыздандырылған адамдарға арналған алғашқы әлеуметтік дүкен ашылды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі. "Жыл басында президент бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі туралы мәселені көтергені белгілі. Содан бері біз мемлекет басшысының осы жолдауы аясында тиісті жұмыстар жүргіздік", - деп атап көрсетті "Илия" азық-түлік базарының президенті Абылай Мананков.

Бизнесменнің айтуынша, облыс орталығында дүкенге арналған аумақтар ізделіп, әлеуметтік дүкен бағдарлаған тұлғаларды тіркеу жұмыстары жүргізілген, сондай-ақ, елдің оңтүстік өңірлерінен көкөніс, ТМД елдерінен тұрмыстық химия мен азық-түлік өнімдерін жеткізу жолға қойылған.

"Нәтижесінде біз өндіруші - делдал - тұтынушы тізбегінен делдалдарды алып тастадық. Осыдан кейін зейнеткерлер, мүгедектер, Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне және олардың жесірлеріне бірінші қажеттіліктегі барлық тауарларды желілік дүкендер мен базарлардағы бағадан 15 - 25 пайыз төмен бағамен сатуға мүмкіндік туды. Мәселен, зейнеткерлер бір кило қантты әлеуметтік дүкеннен 95 теңгеден, картопты 60 - 75 теңгеден, ет тартқышқа тартылған етті 400 теңгеден ала алады", - деп хабарлады А. Мананков.

Сонымен қатар, кәсіпкер алдағы айлардың бірінде "Илия" жабық базарының басшылығы облыс орталығының бірнеше ықшамаудандарында үштен кем емес әлеуметтік дүкен және бір базар ашатынын атап көрсетті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны