01.12.2012, 13:59 15794

Ақтөбеде жаңа медициналық орталық ашылды

Жаңа ғимарат лентасын Айгүл Арынғазиева мен Айдархан Самаев қиды. Одан әрі қонақтар орталық ішін аралап көрді.

Ақтөбе. 1-желтоқсан. Kazakhstan Today - Ақтөбе қаласының 11-шағын ауданында орналасқан бес қабатты "Шипагер-С" медициналық орталығы ашылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Ашылу салтанатына қатысқан қала әкімінің орынбасары Айгүл Арынғазиева қаламызда заманауи талаптарға жауап беретін медицина нысандарының құрылысы жыл сайын жылдам қарқынмен дамып жатқанын айтып, құттықтады. Одан соң №2 қалалық емхананың бас дәрігері Қайырбек Тоқтаров жылы лебізін білдірсе, орталық директоры Айдархан Самаев алдағы уақытта екі ел дәрігерлерінің тәжірибе алмасулары үшін Қытайдың Шихэцзы қаласындағы медициналық компаниямен бірлесіп, меморандумға қол қойғандарын жеткізді.

Жаңа ғимарат лентасын Айгүл Арынғазиева мен Айдархан Самаев қиды. Одан әрі қонақтар орталық ішін аралап көрді.

Орталықтың бас дәрігері Күләш Сауытбекованың айтуынша, емхана - көпсалалы. Өте сапалы, қуатты құрал-жабдықтармен қамтылған, жоғары деңгейде медициналық қызмет түрлерін көрсетуде.

"Бізде операция жасайтын блок та бар. Болашақта хирургия саласын дамыту үшін шетелден кардио, нейрохирургия түрлерінен жетекші мамандарды тарту жоспарланып отыр. Изірге келушілерді қабылдап, медициналық тексерулерден өткізіп жатырмыз. Сондай-ақ бізде жүрекке, буынға, тамырға, бас миына ультрадыбыстық зерттеулер жасалады, басқа да біраз зерттеулер жүргізіледі", - дейді К.Сауытбекова.

Жаңа ашылған орталық атауы бұған дейін де облыс тұрғындарына танымал. 2004 жылы Шалқарда ашылған медициналық орталық бір жылдан соң облыс орталығына көшті. Содан бері түрлі орындарды жалға алып келіпті. Соңғысы - Киселев көшесіндегі болатын. Орталық қызметкерлері жеке әрі жаңа ғимаратқа көшкендеріне қуанышты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны