09.01.2015, 15:44 3801

Ақтөбеде жекеменшік үйдегі жарылыстан алты адам зардап шекті

Кеше кешқұрым Ақтөбе қаласы маӊындағы Заречный-1 кентіндегі екі иеліктегі жекеменшік үйде газ жарылды. Жарылыс туралы хабарлама ТЖ қызметіне сағат 21.06 минутта түсті.

Ақтөбе. 9 қаӊтар. Kazakhstan Today - Кеше кешқұрым Ақтөбе қаласы маӊындағы Заречный-1 кентіндегі екі иеліктегі жекеменшік үйде газ жарылды. Жарылыс туралы хабарлама ТЖ қызметіне сағат 21.06 минутта түсті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі

Бүгін облыстық ТЖ департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару қызметініӊ баспасөз хатшысы Айман Күмісбаева хабарлағандай, оқиға орнына келген ТЖ қызметкерлер жартылай құлаған үйді және жарылған 5-литрлік баллонды көрген, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

Жарылыстан және өрттен 6 адам зардап шекті. Оныӊ ішінде он жасар бала бар. Олардыӊ беттері мен бастарын 2-3 дәрежелі күйік шалған. Барлығы дерлік жедел медициналық көмек ауруханасына жеткізілді. Бастапқы нұсқа - газ баллонныӊ неліктен жарылғаны тексерілуде.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны