04.07.2008, 10:00 1414

Ақтөбеде жыл басынан бері 5 млн теңгеден астам қаражаттың қосымша атаулы әлеуметтік көмегі көрсетілген - әкімдік

Ақтөбеде жыл басынан бері 5 млн теңгеден астам қаражаттың қосымша атаулы әлеуметтік көмегі көрсетілген - әкімдік

Ақтөбе. 4 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Ақтөбеде азық-түлік тауарлары мен коммуналдық қызметтердің тарифтерінің қымбаттауына байланысты жыл басынан бері 5 млн теңгеден астам қаражатқа шамамен 6 мың әлеуметтік жағынан аз қорғалған азаматқа қосымша атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Ақтөбе облысының әкімдігіне сілтеме жасай отырып.

Облыс әкімдігінің мәліметтеріне сүйенсек, азаматтардың 11 санаты, оның ішінде, мүгедектер, зейнеткерлер, мүгедек балалары бар отбасылар, жеңілдіктер мен қосымша әлеуметтік төлем алады. Осы мақсатқа бюджеттен 384 млн теңге бөлінген. Нәтижесінде ұсынылған жеңілдіктерді пайдалану мүмкіндігіне 74 мың адам ие болды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны