24.06.2008, 09:47 1208

Ақтөбеде жолдардың ағымдық және күрделі жөнделу жұмыстары шетел инвесторларымен меморандум аясында қарастырылатын болады

Ақтөбеде жолдардың ағымдық және күрделі жөнделу жұмыстары шетел инвесторларымен меморандум аясында қарастырылатын болады

Ақтөбе. 24 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Ақтөбе басшылығы шетел инвесторларымен жасалатын меморандумдардың аясында жолдарды ағымдық және күрделі жөндеу мәселелерін қарастырмақ ниетте, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

Жарқын мысал ретінде облыс басшысы Елеусін Сағындықов Покровка - Темір - Кеңқияқ тас жолын жөндеу оқиғасын келтірді. Ол қазіргі уақытта осы мақсатқа 20 млн теңгеден астам қаражат аударған бірқатар шетел компанияларымен жүзеге асырылуда.

"Биыл жолдарды жөндеу мәселелері "СНПС-Ақтөбемұнайгаз" АҚ мен "Ақтөбе мыс компаниясы" ЖШС компанияларымен жасалған меморандумдарға енгізілді", - деп атап көрсетті Е. Сағындықов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны