01.07.2015, 14:43 3645

Ақтөбедебаламалы қызметті дамыту және ментальдық денсаулығында ауытқушылықтар бар азаматтарды әлеуметтік ықпалдастыру мәселелері талқыланды

Бүгін Ақтөбеде "Сорос-Қазақстан" қорыныӊ қаржылай қолдауымен ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігімен бірлесіп, "Аман-саулық" қоғамдық қорыныӊ ұйымдастыруымен Қазақстанда баламалы қызметті дамыту және ментальдық (психикалық) денсаулығында ауытқушылықтар бар азаматтарды әлеуметтік ықпалдастыру мәселелері бойынша қоғамдық тыӊдау болып өтті

Астана. 01 Шілде. Kazakhstan Today - Бүгін Ақтөбеде "Сорос-Қазақстан" қорыныӊ қаржылай қолдауымен ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігімен бірлесіп, "Аман-саулық" қоғамдық қорыныӊ ұйымдастыруымен Қазақстанда баламалы қызметті дамыту және ментальдық (психикалық) денсаулығында ауытқушылықтар бар азаматтарды әлеуметтік ықпалдастыру мәселелері бойынша қоғамдық тыӊдау болып өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Іс-шараға денсаулық сақтау және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру және жұмыспен қамту басқармаларыныӊ басшылары, мәслихат депутаттары, медициналық-әлеуметтік ҮЕҰ-ныӊ өкілдері, педагогтар, психологтар, әлеуметтік қызметкерлер және ментальды бұзылыстары бар пациенттердіӊ туыстары қатысты.

Бүкіл әлемде ментальдық ауытқушылығы бар адамдарды әлеуметтік ықпалдастыру өте өзекті мәселе. Психикалық ауытқушылығы бар адамдарды алалау және бөлектеу психикалық - денсаулықты сақтау саласындағы барынша маӊызды проблема. Ондай көріністермен күрес - Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымыныӊ (ДДҰ) және Бүкіләлемдік психиатриалық қауымдастықтыӊ басым бағыттарыныӊ бірі.

"Мұндай адамдар қоғамнан ажырап қалған жоқ. Халықаралық тәжірибе тиісті жағдайлар жасалған жағдайда олар өз әлеуеттерін іске асырып, өмірлік жағдайларды еӊсере алатынын, сондай-ақ, қоғам өміріне өз үлесін қоса алатындарын дәлелдеді",-дейді "Аман-саулық" қоғамдық қорыныӊ президенті Бақыт Түменова.

Мүгедектердіӊ құқықтары жөніндегі конвенцияны ратификациялағаннан кейін Қазақстанныӊ алдында арнаулы қызметтер көрсетудіӊ ұлттық стандарттарын халықаралық нормаларға сәйкестендіру міндеті тұр. Яғни, Қазақстан үшін ментальдық ауытқушылықтары бар адамдар үшін ұйымдардыӊ қандай баламалы түрлері қолайлы, оларда қандай еӊ төменгі шарттар сақталуы тиіс, қайта құрылған және қазір жұмыс істеп тұрған шағын құрамды ұйымдарды аккредиттеу үшін қандай стандарттар қажет екенін анықтау маӊызды.

Қоғамдық тыӊдауға қатысушылар баламалы қызметті дамыту және ментальдық денсаулығында ауытқушылықтар бар азаматтарды әлеуметтік ықпалдастырудыӊ перспективаларын талқылап, бағаларын берді.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігініӊ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны