11.09.2006, 15:39 3481

Ақтөбедегі бір мектептің басшылығы жетінші сынып оқушысын өзін-өзі өлтіруге әрекет жасауға себепкер болған кінәлі деп танылды

АҚТӨБЕ. 11-қыркүйек. Kazakhstan Today. Ақтөбедегі Қарғалы қазақ мектебінің директоры мен оқу ісінің меңгерушісі жетінші сынып оқушысын өзін-өзі өлтіруге әрекет жасауға себепкер болған кінәлі деп танылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Оқыс оқиға 2005-жылдың қазан айында қала іргесіндегі Қарғалы ауылында болған. Жетінші сыныпта оқитын 13 жастағы бала үзіліс кезінде мектептің үшінші қабатының терезесінен секіріп кеткен болатын. Басынан ауыр жараланып, көп жері сынып, көк бауыры үзіліп кеткен ұл ауруханаға жатқызылды.

Тергеу барысында анықталғанындай, 7 сынып оқушысы мен оның құрдастары ауылдық округ әкімінің қызмет көлігінінің эмблемасын тонаған күдікті деп танылса керек. Іс материалдарында атап көрсетілгеніндей, мектеп директорына әкімнің өзі өтініш жасап, "ұрланған затты қайтарып алуға көмек көрсетуді" сұраған. Мектептің басшылығы күдіктіні әңгімеге шақырып, оның барысында балаға осы мектепте мұғалім болып істейтін анаңды жұмыстан шығарамыз, ал өзіңді абақтыға жібереміз деп қорқытқан. Мектеп директорымен кездесуден кейін оқушы терезеден секіріп кеткен.

Жуырда Ақтөбе қалалық сотында осы іске қатысты сот мәжілісі аяқталды. Айыпкерлер өз кінәсін мойындамады. Алайда сот олардың уәждерін қанағаттанарлық емес деп тауып, ҚР Қылмыстық кодексінің 102-бабы, 2-тармағы бойынша үш жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды. Бірақ директор мен оқу ісінің меңгерушісіне берілген оң сипаттама мен отбасы ахуалына байланысты республиканың тәуелсіздік күнін тойлауға байланысты рақымшылық аясына ілікті.

Kazakhstan Today тілшісіне мәлім болғанындай, өзін-өзі өлтіруге әрекет жасаған ұл тірі, бірақ мүгедек болып қалған. Мүгедектігіне қарамастан ол оқуын одан әрі жалғастырып, үздік оқушы екенін дәлелдеуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны