23.05.2016, 14:51 4177

Ақтобеден Оралға "люкс" вагондардан тұратын жаӊа поезд шығады

Көпшілік сұранысын қанағаттандыру мақсатында "Жолаушылар тасымалы" АҚ 2016 жылдыӊ 3 маусымынын бастап №102/101 "Актөбе-Атырау" бағыты бойынша жаӊа жүрдек пойызыныӊ жолға шығатынын хабарлайды

Астана. 23 мамыр. Kazakhstan Today - Көпшілік сұранысын қанағаттандыру мақсатында "Жолаушылар тасымалы" АҚ 2016 жылдыӊ 3 маусымынын бастап №102/101 "Актөбе-Атырау" бағыты бойынша жаӊа жүрдек пойызыныӊ жолға шығатынын хабарлайды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Пойыз "СВ" вагондардан (барлығы -14 дана) құралған және аптасына бір рет қатынайтын болады. Жолда жүретін уақыты: Атырауға дейін 12 сағат 13 минут, ал Актөбе дейін 11 сағат 38 минут .

Жүрдек пойыз Актөбеден жұма күндері 21 сағат 10 минутта, ал Атыраудан жексенбі күндері 22 сағат 05 минутта аттанады.

Қосымша сұрақтар бойынша темір жол вокзалдарыныӊ кассаларына немесе 105 бірегей анықтама қызметіне телефон шалуға болады.

"Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны