27.01.2009, 18:10 3269

Ақтөбелік экологтар "СНПС Ақтөбемұнайгаз" АҚ келтірген өткен жылғы ілеспе газды жағу жөніндегі есептердің ақиқаттығына күмән келтіреді

Ақтөбелік экологтар "СНПС Ақтөбемұнайгаз" АҚ келтірген өткен жылғы ілеспе газды жағу жөніндегі есептердің ақиқаттығына күмән келтіреді

Ақтөбе. 27 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Ақтөбелік экологтар "СНПС Ақтөбемұнайгаз" АҚ келтірген өткен жылғы ілеспе газды жағу жөніндегі есептердің ақиқаттығына күмән келтіреді. Бұл туралы облыстық Тобыл-Торғай экологиялық департаментінің төрағасы Ақылбек Дадин мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Олардың берген есебі бойынша өткен жыл бойы 407 млн текше метр көгілдір отынды жаққан, - деді эколог, - бірақ біз бұл есепке күмән келтіріп отырмыз және оны қайта тексеретін боламыз. Оған себеп, біз бұған дейін олардың кейбір газ көлемін өшіріп отырғанын анықтағанбыз. Сол себепті, мәселен, 2005 және 2006 жылдары біз оларға қарсы шағым түсіріп, содан кейін қытайлық инвесторлар бюджетке 1 млрд теңгеге жуық қаржы төледі. Бұл жолы да қайта тексереміз, егер, газды нормативтен жоғары көлемде жағу оқиғасы анықталса - жазаланады".

Сонымен бірге, экологтың айтуынша, өткен жыл бойы жергілікті кәсіпорындарға табиғат қорғау заңнамасын бұзғаны үшін салынған айыппұл көлемінде "СНПС Ақтөбемұнайгаз" АҚ мен "ҚазақОйл Ақтөбе" ЖШС иемденетін үлес ауқымды.

"Ал Ақтөбе облысында 1 тонна зиянды затты атстағаны үшін төленетін ставка Қазақстан көлемінде ең төменге саналады - бар-жоғы 12 мың теңге. Ал батыс Қазақстан облысында - 1 тоннасына 45 мың теңге, Атырау мен Қызылордада - 50 мың, Маңғыстауда - 61 мың және т.б", - деді А. Дадин.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны