12.01.2007, 14:21 3040

Ақтөбелік интернационалист жауынгерлер коммуналдық қызмет ақысын төлеуден өмір бойы босатылды

АҚТӨБЕ. 12-қаңтар. Kazakhstan Today. Ақтөбелік интернационалист сарбаздар, сонымен қатар Ауғанстандағы соғыста қайтыс болған немесе хабар-ошарсыз кеткендердің отбасылары коммуналдық қызмет құнын төлеуден өмір бойы босатылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісіне қалалық әлеуметтік және жұмыспен қамту бағдарламасы бөлімінен.

"Үстіміздегі жылдың 1-қаңтарынан бастап аталмыш адамдар орталық жылу, суық және ыстық сумен қамтамасыз ету, канализация, газбен қамтамасыз ету, қоқыс шығару, тоқсаты қызметі, электрмен қамтамасыз ету және байланыс қызметтері үшін төленетін төлемақыдан өмір бойы босатылады", - деп түсіндірді жұмыспен қамтамасыз ету бөлімінен. Жеңілдік берілгендер азаматтар тек қалааралық және халықаралық телефон байланыстары мен ПИК (пәтер иелеренің кооперативі) қызметі үшін ғана төлемақы төлейді. Сонымен қатар, үйіне орталық жылу жүйесі тартылмаған интернационалист сарбаздар көмірге кеткен шығынның ақшасын алды.

2007 жылы бұл мақсатқа жергілікті бюджеттен 56 млн. теңге бөлінді.

Қалалық әлеуметтік және жұмыспен қамту бағдарламасы бөлімінің бастығы Нәйлә Бүртібаеваның сөзіне сүйенсек, Ақтөбеде 2007 жылға дейін қалалық мәслихаттың шешімімен 800-ге жуық адам коммуналдық қызметтерге жеңілдік алған. Бұлар Ұлы Отан соғысының қатысқандар, ардагерлері мен мүгедектері, Ұлы Отан соғысы жылдары Кеңес Армиясынының қатарына шақырылған бұрынғы әскери қызметкерлер, сонымен қатар "ҰОС-да Германияны жеңгені үшін" медалімен марапатталған ішкі істер органдарының қызметкерлері. Енді олардың қатарына интернационалист сарбаздар, Ауғанстан соғысында қайтыс болғандар мен хабар-ошарсыз кеткендердің жесірлері мен ата-аналары - барлығы 1,5 мыңдай адам қосылады.

Қазіргі уақытта әлеуметтік және жұмыспен қамтамасыз ету бағдарламасы бөлімі жеңілдік берілетіндерден қажетті құжаттарды қабылдау жұмыстарын жүргізуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны