24.01.2019, 18:52 7403

Ақтөбелік мемлекеттік қызметшілерге темір тордыӊ ар жағындағы өмір көрсетілді

"Ақтөбе - адалдық алаӊы" жобасы аясында өткен "Бостандығыӊды бағала!" атты ерекше науқанға мемлекеттік қызметшілер қатысты

Ақтөбе. 24 қаӊтар. Kazakhstan Today - "Кинода бір бөлек, ал шын мәнінде, мүлдем өзгеше". Дәл осылай "Ақтөбе - адалдық алаӊы" жобасы аясында өткен "Бостандығыӊды бағала!" атты ерекше науқанға қатысқан мемлекеттік қызметшілер өздерініӊ сезімдерін сипаттады.

Іс-шараға барлығы 30-ға жуық мемлекеттік органдардыӊ басшылары қатысты.

Шараны "Ақтөбе - адалдық алаӊы" жобалық кеӊсесі және Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті департаменті бірігіп ұйымдастырды.

Шара барысында КА-168/1 мекеме қызметкерлері тұтқындалған азаматтардыӊ қамаудағы жағдайларымен таныстырды.

Айта кету керек, қазіргі таӊда 4 азамат сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін қамауға алынып, сот отырысын күтуде.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігініӊ Ақтөбе облысы бойынша департаменті басшысы Расул Медетовтыӊ айтуынша шара мемлекеттік қызметшілердіӊ сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитетін қалыптастырып, олардыӊ өз көздерімен сотталғандардыӊ жазасын өтеу барысындағы жағдайларымен және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарыныӊ салдарымен таныстыруға бағытталған.

"Осындай шаралардыӊ нәтижесінде Ақтөбе облысы сыбайлас жемқорлық деӊгейі еӊ төмен өӊірлердіӊ үштігіне кіргендігін жоққа шығаруға болмайды", - деді Р. Медетов.

Ақтөбе облыстық құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті басқармасыныӊ дерегіне сәйкес 2018 жылы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасағаны үшін 66 адам жауапкершілікке тартылды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны