27.04.2018, 23:57 2915

Ақтөбелік полицейлер Ақтөбе-Орынбор трассасында болған қылмысты көргендерді үн қатуға шақырады

19 сәуірде, шамамен түнгі екілер шамасында Ақтөбе-Орынбор трассасы бойындағы 35-ші шақырымда "Камаз" автомашинасы (бетон араластырғыш) табылғанын, оныӊ салонында жүргізуші, Ақтөбе қаласыныӊ 1966 ж.т. тұрғыныныӊ басына тиген оқтан қайтыс болған өлігі табылғаны бұрын хабарланған болатын.

Ақтөбе. 27 сәуір. KazakhstanToday - Ақтөбелік полицейлер Ақтөбе-Орынбор трассасында болған қылмысты көргендерді үн қатуға шақырады.

Бұл туралы Ақтөбе облысыныӊ Өӊірлік коммуникациялар қызметіндегі баспасөз конференциясында Ақтөбе облысыныӊ Ішкі істер департаментініӊ криминалды полиция басқармасыныӊ бастығы Арман Мұхамедияров мәлімдеді.

Қазір құқық қорғау органдарыныӊ қызметкерлері 19 сәуірде түнде Ақтөбе-Орынбор трассасы бойымен Ресей Федерациясы шекарасынан Қазақстанға өткендердіӊ тізімін анықтауда. Олар ауыр қылмыс куәгерлері болуы мүмкін.

"Бұл қылмыс кісі көп жүретін Ақтөбе-Орынбор трассасындағы 35-ші шақрымда болғандықтан азаматтарды көмек көрсетуге шақырамыз. Ол жердегі жүк ағыны өте жоғары. Қазірде біз сол уақытта қанша адам жүргенін, кім шекараны кесіп өткенін тексерудеміз. Олардыӊ арасында Қазақстанныӊ, Тәжікстанныӊ, Өзбекстанныӊ және Ресей Федерациясыныӊ азаматтары бар. Не де болмасын бірдемені аӊғарған, көрген адамдарды іздестірудеміз. Кейбіреулерініӊ машиналарында бейнетіркегіштер болады. Егер мүмкіндіктері болса немесе бірдемені білетін болса, бізге хабарласуларын сұраймыз, құпиялылыққа кепілдік береміз", - деді Ақтөбе облысыныӊ Ішкі істер департаментініӊ криминалды полиция басқармасыныӊ бастығы Арман Мұхамедияров.

19 сәуірде, шамамен түнгі екілер шамасында Ақтөбе-Орынбор трассасы бойындағы 35-ші шақырымда "Камаз" автомашинасы (бетон араластырғыш) табылғанын, оныӊ салонында жүргізуші, Ақтөбе қаласыныӊ 1966 ж.т. тұрғыныныӊ басына тиген оқтан қайтыс болған өлігі табылғаны бұрын хабарланған болатын. Осы дерек бойынша ҚР ҚК 2 тарауы, 99 бабы бойынша (кісі өлтіру), сондай-ақ, қарақшылық шабуыл бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Бірқатар сараптамалар тағайындалды. Аса тәжірибелі қызметкерлерден жедел тергеу тобы құрылды.

Тергеуді Ақтөбе облысыныӊ ІІД және прокуратура бақылауға алды.

"Осы қылмыс туралы ақпараттары бар әлеуметтік желілерде таралған дауыспен хабарлау шындыққа жанаспайды. Сонда да барлық нұсқалар тексерілуде. Рейдтік іс-шаралар, тексерістер жүргізілуде. Жергілікті полиция қызметініӊ қызметкерлері қару иелерін тұрғылықты жері бойынша тексеруде. Біз соӊғы бес жыл ішінде жоғалған немесе ұрланған қарумен байланысы бар-жоғын да қарастырудамыз. Өткен және осы жылы босап шыққан, бұрын сотталған адамдарды да тексерудеміз. Бұл қылмысты ашу мақсатында осы бағытта өте үлкен жұмыс жүргізілуде", - деді А.Мұхамедияров.

Ақтөбе облысыныӊ Өӊірлік коммуникациялар қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны