04.03.2010, 18:20 3219

Ақтөбелік Ұлы Отан соғысының мүгедектері өздерін 9 мамырға дейін тегін баспанамен қамтамасыз етуді сұрайды

Ақтөбелік Ұлы Отан соғысының мүгедектері өздерін 9 мамырға дейін тегін баспанамен қамтамасыз етуді сұрайды

Ақтөбе. 4 наурыз. Kazakhstan Today - Ақтөбе облысы мен қаласында тұратын Ұлы Отан соғысының мүгедектері облыс және қала басшыларынан өздерін 9 мамыр - Жеңіс мерейтойына дейін тегін баспанамен қамтамасыз етуді сұрайды. Бұл туралы Ақтөбе облыстық мүгедектер қоғамының төрағасы Федор Чемоданов мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Оның айтуынша, "өңір басшылығы мен мәслихаттың шешімімен облыста 200 мыңнан астам ақтөбелік түрлі жеңілдіктерге ие. Олардың арасында Ұлы Отан соғысының мүгедектері де, тумысынан мүгедектер де бар. Жыл сайын бұл мақсатта облыстық бюджеттен 3 млрд астам теңге бөлінеді", - деді қоғам төрағасы. "Мұндай жайтты біз, әрине, сөзсіз мақтан тұтамыз. Дегенмен, тағы бір өтінішті орындап берсе деп сұраймыз", деді ол.

Ф. Чемодановтың айтуынша, "мәселе облыс орталығында тұратын Ұлы Отан соғысының мүгедектерін тегін баспанамен қамтамасыз ету жайлы болып отыр".

"Бүгінгі жағдаймен облыс орталығында баспана кезегінде Ұлы Отан соғысының 82 ардагері, соның ішінде 34 мүгедек жан бар, мәселе осылар жайлы болып отыр", -деді Ф. Чемоданов.

Ақтөбе облысында жалпы алғанда Дүниежүзілік екінші соғыстан оралып, бүгінгі күнге дейін көзі тірі жеткен 573 адам бар. Олардың ішінде 217 адам - мүгедектер.

Ақтөбе облысында 700 мыңдай адам тұрады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны