07.09.2018, 23:03 4327

Ақтөбеліктердіӊ 93% мемлекеттік тілді біледі

Айта кету керек, өӊірде балалардыӊ алғашқы тілдік дағдыларын дамытатын "Күншуақ" балалар журналы, "Мен үш тілде сөйлеймін" балаларға арналған сөздік, сонымен қатар, "Тілдерді оқыту: ізденіс және әдістеме" ақпараттық-әдістемелік журналы шығарылады.

Ақтөбе. 7 қыркүйек. Kazakhstan Today - Ақтөбе облысында мемлекеттік тілді үйренуге барлық жағдай жасалған. Бұл туралы Өӊірлік коммуникациялар қызметінде Ақтөбе облысыныӊ тілдерді дамыту басқармасыныӊ басшысы Гүлайым Төлебаева мәлімдеді.

Қазіргі уақытта өӊірде тілдерді қолдану мен дамытудыӊ мемлекеттік бағдарламасыныӊ ІІІ кезеӊі аясында іс шаралар кешені жүзеге асырылуда.

Г. Төлебаеваныӊ айтуы бойынша, қаладағы ересек тұрғындардыӊ мемлекеттік тілді үйренуі үшін барлық жағдай жасалған. Жалпы алғанда тілдерді дамыту орталығы мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерін үйрету курстарына 14 мыӊ адамды қамтып, оларға бірнеше деӊгей бойынша қашықтықтан оқыту жүйесін әзірлеп отыр.

"Өзге ұлт жастарыныӊ арасында толерантты орта құру мақсатында мемлекеттік және ана тілдерін үйренуге жағдай қарастырылған. Бүгінгі күні 4 мыӊға жуық әр түрлі этнос өкілдері жексенбілік мектептерде білім алды. Жүйелі жұмыс нәтижесінде халықтыӊ негізгі бөлігі облыстағы тіл ахуалын оӊ бағаласа, ал қазақ тілін меӊгерген халықтыӊ үлесі тұрақты түрде өсіп келеді. Сонымен қатар, облысымызда тұратын жоғары буын өкілдерініӊ 93%, сондай-ақ орыстар 93,8 %, ағылшындар 26,6%, ал мемлекеттік тілді меӊгерген өзге ұлт өкілдерініӊ үлесі 45% - ды құрайды", - деді басқарма басшысы.

Айта кету керек, өӊірде балалардыӊ алғашқы тілдік дағдыларын дамытатын "Күншуақ" балалар журналы, "Мен үш тілде сөйлеймін" балаларға арналған сөздік, сонымен қатар, "Тілдерді оқыту: ізденіс және әдістеме" ақпараттық-әдістемелік журналы шығарылады.

Сондай-ақ Ұлттық ономастикалық кеӊістікті қалыптастыру үшін толық ғылыми негіз құру жөнінде шаралар қабылданды. Тәуелсіздік алған күннен бастап қазіргі уақытқа дейін 167 елді мекенніӊ 146-на тарихи атаулары қайтарылды.

"Жалпы алғанда мониторингтік және түсіндіру жұмыстарыныӊ нәтижесінде тіл заӊнамасы саласындағы құқық бұзушылықтар саны айтарлықтай төмендеді "-деп, мәлімдеді Гүлайым Төлебаева.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны