12.07.2018, 20:15 3947

Ақтөбеніӊ 4 мыӊ тұрғыны артериялық қысым өлшеудіӊ рекордтық акциясына қатысты

Ақтөбеде бір сағаттыӊ ішінде 4 мыӊнан аса адам артериялық қысымын өлшеді. Ұйымдастырушылар Астананыӊ 20 жылдығына арналған акцияны облыстағы медицина жұртшылығыныӊ өмірбаянындағы тарихи оқиға деп біледі және Гиннестіӊ рекордтар кітабына енуге ниетті.

Ақтөбе. 12 шілде. Kazakhstan Today - Ақтөбеде бір сағаттыӊ ішінде 4 мыӊнан аса адам артериялық қысымын өлшеді. Ұйымдастырушылар Астананыӊ 20 жылдығына арналған акцияны облыстағы медицина жұртшылығыныӊ өмірбаянындағы тарихи оқиға деп біледі және Гиннестіӊ рекордтар кітабына енуге ниетті.

Ауқымды шара 5 шілде, бейсенбі күні "Денсаулық саябағында" өтті. 500 дәрігер бірден 18 бен 60 жас аралығындағы 4 мыӊ адамныӊ артериялық қысымын өлшеп, оларға алынған деректерді таныстырды және соған сәйкес кеӊестер берді. Қалалықтармен бірге облыс әкімі Бердібек Сапарбаев та қысымын өлшетті.

Айта кетейік, облыстық денсаулық сақтау басқармасы аталмыш оқиғаны Гиннестіӊ рекордтар кітабына енгізуге тапсырыс берген. Артериялық қысымды өлшеудіӊ қазіргі әлемдік рекорды Үндістанға тиесілі. Ол жақта 2015 жылы сағатына 3 600 адам қысымын өлшеген.

Шараныӊ басты мақсаты - жаӊа рекордты орнату емес. Дәрігерлер бәрінен бұрын ел назарын жүрек пен қан тамырлары ауруларыныӊ кеӊ таралған түрініӊ бірі - артериялық гипертония мәселесіне аударғылары келеді. Бұл аурумен ересек тұрғындардыӊ 50%-ға жуығы ауырады және ол жасарып барады. Медицина қызметкерлері гипертонияны өзара "ақырын өлтіретін қанішер" деп атайды. Өйткені сырқаттыӊ белгілері білінбеуі мүмкін.

Ақтөбе облысыныӊ Өӊірлік коммуникациялар қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны