10.01.2018, 23:30 5914

Алаяқтығы үшін күдікті деп танылған қазақстандық Біріккен Араб Имірліктерінен экстрадицияланды

Қазақстан Бас прокуратурасыныӊ сұранысы бойынша Біріккен Араб Имірліктерініӊ Иділет министрлігі аса ірі мөлшердегі алаяқтық үшін күдікті қазақстандықты ұстап беру туралы шешім қабылдады

Астана. 10 қаӊтар. Kazakhstan Today - Қазақстан Бас прокуратурасыныӊ сұранысы бойынша Біріккен Араб Имірліктерініӊ Иділет министрлігі аса ірі мөлшердегі алаяқтық үшін күдікті қазақстандықты ұстап беру туралы шешім қабылдады.

Р.Найзабай Қазақстан Бас прокуратурасы мен ІІМ Интерпол күштері және БАИ-дегі Қазақстан Бас консулдығыныӊ әрекеттесуімен елге жеткізілді.

Ол өткен жылғы жазда 7 автокөлік иелерін алдап, көліктерін заӊсыз иеленгені үшін күдікті болып табылады. Кейіннен автокөліктерді жалған құжатпен сатып жіберген.

Келтірілген шығынныӊ жалпы соммасы 30 млн. теӊгені құрады.

Қылмыс жасағаннан кейін, күдікті қылмыстық қудалау органынан жасырынуына байланысты халықаралық іздеуге жарияланды.

Қазіргі уақытта Р.Найзабай Астана қаласыныӊ тергеу изоляторына қамауға алынды, деп хабарлайды ҚР Бас прокуратурасыныӊ баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны