06.06.2008, 18:40 3024

Алакөл ауданының балаларының энтеровирустық індетін зертханалық тұрғыдан растау үшін 2 айдай уақыт қажет - Дерновой

Алакөл ауданының балаларының энтеровирустық індетін зертханалық тұрғыдан растау үшін 2 айдай уақыт қажет - Дерновой

Павлодар. 6 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Алматы облысының Алакөл ауданында ауруханаға жатқызылған балалардың энтеровирустық індетін зертханалық тұрғыдан растау үшін 2 айдай уақыт қажет. Бұл туралы брифингте Қазақстанның денсаулық сақтау министрі Анатолий Дерновой мәлімдеді.

"Ауырған балалардан алынған сынамалар республикалық зертханаларда ғана зерттеліп жатқан жоқ. Аурулардың материалдары Мәскеу мен халықаралық зертхана орталықтарына да жіберілген", - деп атап көрсетті министр.

"Бұл ауру тек іш өтумен ғана емес, сондай-ақ, ауызға жара шығумен, тері қабатында іріңді ісіктердің пайда болуымен, жалпы жағдайдың нашарлауымен бірге жүреді. Біздің дәрігерлеріміз клиникалық мәліметтер бойынша осы диагнозды қойған. Және бұл індетке қарсы шараларды бастау үшін жеткілікті", - деп еске салды А. Дерновой энтеровирус-71-ге тән клинкалық жағдайды суреттей тұрып.

"Бүгінгі таңда Қытаймен шекаралас ауылдарда энтеровирус індетінің 16 жағдайы тіркелді. Олардың барлығы да балалар, аурулары да жеңіл дәрежеде өтуде. Қазіргі уақытта көпшілігі ауруханадан шықты. Жағдайлары орташа қалыпта жатқан 4 бала ғана қалған. Олардың денсаулығына төніп тұрған ешқандай қауіп жоқ", - деп атап көрсетті денсаулық сақтау министрі.

Ол энтеровирус-71 қайта пайда бола қалған жағдайда министрлік шұғыл әрекет ете алатындай барлық күш пен қаражатқа ие екендігін жеткізді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны