05.10.2016, 17:44 7257

Алатау ауданы соӊғы үш жыл бойы Алматы қаласында ҰБТ бойынша бірінші орында келеді

"Алатау ауданы соӊғы үш жыл бойы республика бойынша және Алматы қаласында ҰБТдан бірінші орында келеді, Алтын белгi санымен де бірінші орында", - деп аудан әкімі білім беру саласындағы жетістіктерімен бөлісті.

Алматы. 5 қазан. Kazakhstan Today - Жаӊадан салынған мектептердіӊ арқасында Алматыныӊ Алатау ауданы соӊғы үш жыл бойы Алматы қаласында ҰБТ бойынша бірінші орында келеді, деп хабарлады Алатау ауданыныӊ әкімі Бағдат Мәнзоров Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігініӊ 25 жылдығына орай журналистерге арналған пресс-тур барысында.

"Алатау ауданы соӊғы үш жыл бойы республика бойынша және Алматы қаласында ҰБТдан бірінші орында келеді, Алтын белгi санымен де бірінші орында", - деп аудан әкімі білім беру саласындағы жетістіктерімен бөлісті.

Оныӊ айтуынша, "осыдан сегіз жыл бұрын Алатау ауданындағы мектептерде 18 300 оқушы оқитын. Биыл олардыӊ саны 35 500-ге жетті. "Яғни, оқушылардыӊ саны 17 мыӊ адамға өсті. Кезінде мектептерде орын жетіспейтін, 1200 орынға есептелген мектептерде 3500 оқушы білім алушы еді. Мұндай жағдайда білім сапасы туралы айту қиын болатын. Президенттіӊ саясатыныӊ арқасында, депутаттардыӊ, әкімніӊ қолдауы арқылы 9 мектеп салынды. Осыныӊ арқасында білім беру ісінде жақсы нәтижеге қол жеткіздік", - деді Бағдат Мәнзоров.

Икімніӊ айтуынша, ауданға тағы да 4-5 мектеп қажет.

Еске сала кетейік, Президенттіӊ тапсырмасы бойынша 2008 жылғы шілдеде Алатау ауданы құрылды. Ауданды құрудағы мақсат - проблемаларды шешу болатын. Аудандағы басты проблемалар мектептер, балабақшалар, емханалар секілді әлеуметтік нысандардыӊ жетіспеуіне саятын. Аудан әкімініӊ мәліметінше, соӊғы сегіз жылда ауданда 9 мектеп, 12 балабақша, 5 емхана салынды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны