20.02.2013, 10:55 3067

Алатау ауданындағы индустрияландыру аймағы 20 мың адамды жұмыспен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді

Алатау ауданында құрылатын индустриялық аймақтың инженерлік құрылымын қамтамасыз етуге 2 млрд. теңге бөлінді. Бұл туралы бүгін Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімовтің тұрғындармен есептік кездесуінде айтылды.

Алматы. 20-ақпан. Kazakhstan Today - Алатау ауданындағы индустрияландыру аймағы 20 мың адамды жұмыспен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Алатау ауданында құрылатын индустриялық аймақтың инженерлік құрылымын қамтамасыз етуге 2 млрд. теңге бөлінді. Бұл туралы бүгін Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімовтің тұрғындармен есептік кездесуінде айтылды.

"Үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы және Индустрияландыру картасы аясында қалада жалпы көлемі 540,4 млрд. теңгенің 31 жобасы жүзеге асырылуда. Ал "Бизнестің жол картасы-2020" бағдарламасын іске асыру барысында 152 кәсіпорын 5,8 млрд .теңге көлемінде мемлекеттік көмек алды", - дейді Ахметжан Есімов.

Шаһар басшысының айтуынша, Алатау ауданында құрылатын индустриаландыру аймағы кәсіпорындардың техникалық жарақтануына және озық технологиялық өнідіріс орындарын қалыптастыруға ықпал етпек. Сондай-ақ 20 мың адамды жұмыспен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Қазір Алатау инновациялық технологиялар паркінде 150 инновациялық компания жұмыс жасауда. 2011 жылдың мамыр айында оның саны 38 ғана болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны