15.10.2019, 21:50 10205

Алаяқтық интернет-ресурс тауық етінен тұратын түскі асты тегін алуға шақырып жұртты алаяқтық схемаға тартпақ болды

Операцияны жүзеге асыру үшін пайдаланушы айырбастаудың нышандық сомасын төлеуге тиіс болған. Бұл үшін алаяқ "ащы тауыққа құмардың" банктік шотына қолжетімділік алатын банктік картаның CVC-коды көрсетілген деректерін енгізу қажет болған.

Нұр-Сұлтан. 15 қазан. Kazakhstan Today - Қазақстандықтар өткен жексенбіде WhatsApp мессенджерінде сауалнамадан өтіп, KFC компаниясының үш тегін түскі асын кепілді түрде иелену ұсынылған жіберілімді белсенді жариялады.

ҚР Ақпараттық қауіпсіздік арнасының Telegram мессенджері арқылы kfc.com---promo.com/ru/?free интернет-ресурсынан таратылған күдікті жіберілімге талдау жүргізу қажеттілігі туралы өтініш "KZ-CERT" компьютерлік инциденттерге әрекет ету қызметінің атына жіберілді.

"KZ-CERT" сарапшылары егжей-тегжейлі талдау нәтижелері бойынша аталған интернет-ресурсты "алаяқтық интернет-ресурс/Интернет желісіндегі фишинг" ретінде сыныптады.

Алаяқтық схема Адидасқа ұқсас, сауалнамадан өткен соң пайдаланушының WhatsApp және Viber мессенждерлері арқылы осы "ақпаратпен" жиырма досымен бөлісуін қамтыған. Алайда, русурстың толық пысықталмағанына байланысты тарату мүмкіндігі WhatsApp мессенджері арқылы ғана қолжетімді болған.

Осы жолы алаяқтар алға басты. Жіберілімнен кейін пайдаланушыны бәріне қосымша ол демеушілердің арнайы сыйын алуға таңдалғаны айтылып, 1500$ ұту мүмкіндігімен біраз рулетка "ойнау" ұсынылатын интернет-ресурсқа жібереді. Пайдаланушыға үш мүмкіндік беріледі де ол, әлбетте, ұтып алады. Ал ұтысты алу үшін ақшаны есептеу жүзеге асырылатын банктік картаны көрсету керек. Бірақ, осы арада проблема туындайды, себебі ұтыс сомасы АҚШ долларымен және валютаны айырбастау қажет. Операцияны жүзеге асыру үшін пайдаланушы айырбастаудың нышандық сомасын төлеуге тиіс болған. Бұл үшін алаяқ "ащы тауыққа құмардың" банктік шотына қолжетімділік алатын банктік картаның CVC-коды көрсетілген деректерін енгізу қажет болған.

Барлық қазақстандықтарды қырағылық танытып, тексерілмеген ақпаратты таратпауға тағы шақырамыз. Күдікті интернет-ресурс, жіберілім, спам айқындалған жағдайда, біздің мамандарға 1400 (тәулік бойы) ақысыз нөмірі бойынша хабарлауға немесе http://www.kz-cert.kz/ru/form, https://t.me/kzcert сілтемесі бойынша өтінім жіберуге, сондай-ақ [email protected] электрондық мекенжайына хат жолдауға болады, деп хабарлайды "KZ-CERT" компьютерлік инциденттерге әрекет ету қызметі.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны