10.02.2020, 18:25 3115

Алдағы үш тәулікте оңтүстік облыстарда жауын-шашын, жаңбыр, жылбысқы қар, тұман және көктайғақ болады

Бірақ осы жылғы өте белсенді Атлантикалық циклондар суықтың ұзақ ұстап тұруына жол бермейді. Кезекті циклонмен 13 ақпанда республиканың батысы мен солтүстігінде ауа температурасының жоғарылауы күтіледі.

Алматы. 10 ақпан. Kazakhstan Today - Алдағы үш тәулікте Қазақстан арқылы ығысатын арктикалық суық фронттар қардың жаууын, бұрқасын, күшті солтүстік-батыс желін, оңтүстік облыстарында - жауын-шашын, жаңбыр, жылбысқы қар, тұман және көктайғақ тудыратын болады.

Ал фронттардың артынан ығысатын кең алқапты антициклон республиканың солтүстік және батыс облыстарындағы суытудың себебі болды.

Оның шығысқа қарай ығысуынан Қазақстанның батыс облыстарында да күн суытады. Шығыс пен орталықта түнгі ауа температурасы минус 25…33°С-қа дейін төмендейді.

Бірақ осы жылғы өте белсенді Атлантикалық циклондар суықтың ұзақ ұстап тұруына жол бермейді.

Кезекті циклонмен 13 ақпанда республиканың батысы мен солтүстігінде ауа температурасының жоғарылауы күтіледі.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны