17.06.2008, 10:37 1391

Алдағы 10 жылда Орта Азияда жойқын жер сілкіністері болуы мүмкін - сейсмолог

Алдағы 10 жылда Орта Азияда жойқын жер сілкіністері болуы мүмкін - сейсмолог

Бішкек. 17 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Алдағы 10 жылда Орта Азияда жойқын жер сілкіністері болуы мүмкін. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне берген сұхбатында Қырғызстан Республикасының Ғылым академиясының сейсмология институтының директоры Қанат Ибдірахматов мәлімдеді.

"Жер сілкінінісі таяу жылдары - 3 пен 10 жыл аралығында болады. Жер сілкінісіне ұзақ уақыт дайындалатындықтан апат үшін бұл қысқа мерзім. Екіншіден, жер сілкінісі Алматы қаласының маңындағы Қазақстан мен Қырғызстан шекарасындағы Чон-Кемин шатқалында немесе Бішкек төңірегінде болуы мүмкін. Бізді сондай-ақ, Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасындағы Алай шатқалы да алаңдатады. Алайда, ол жерде халық көп тұрмайды. Жер сілкінісінің күші өте жоғары 8-9 балл мөлшерінде болады деп күтілуде", - деді Қ. Ибдірахматов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны