12.03.2013, 14:12 3251

Алдағы екі жылда барлық рұқсат құжаттарын беру автоматтандырылады

Бұл туралы бүгінгі Үкімет отырысында Өңірлік даму бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев мәлім етті.

Астана. 12-наурыз. Kazakhstan Today - Алдағы екі жылда барлық рұқсат құжаттарын беру автоматтандырылады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы бүгінгі Үкімет отырысында Өңірлік даму бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев мәлім етті.

"Атқарылған жұмыстарды қорытындылай отырып, алдағы мақсат-міндеттерімізді айқындадық. Ең алдымен, рұқсат беру жүйесін одан әрі реформалау мәселесі талқыланды. Биыл бизнесті бастауға рұқсат беретін қағаздардың барлығын барынша оңтайландырып, бірыңғай тізімін құру жоспарлануда. Қазір Премьер-министрдің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев басқаратын комиссия тиісті заң жобасын әзірлеуде. Бұл заң рұқсат беру құжаттарының санын реттейтін және олардың көбеюіне жол бермейтін алғашқы заң болмақ",- деген ол алдағы екі жылда рұқсат беру құжаттарының барлығы автоматтандырылатынын айтты.

"Сонымен қатар, алдағы екі жылда барлық рұқсат қағаздарын беру автоматтандырылады", - деп мәлім етті ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны