08.10.2015, 17:58 4586

Алдағы экспресс-тест үздік жауынгерлерді анықтайды

2015 жылғы қазанныӊ 12-і мен 17-і аралығында "Отар" 40-шы әскери базасыныӊ "Мәтібұлақ" полигонында дәстүрге айналған ҚР ҚК Құрлық әскерлерініӊ жауынгерлік даярлығыныӊ жай-күйін айқындайтын жыл сайынғы экспресс-тест өтеді

Астана. 08 Қазан. Kazakhstan Today - 2015 жылғы қазанныӊ 12-і мен 17-і аралығында "Отар" 40-шы әскери базасыныӊ "Мәтібұлақ" полигонында дәстүрге айналған ҚР ҚК Құрлық әскерлерініӊ жауынгерлік даярлығыныӊ жай-күйін айқындайтын жыл сайынғы экспресс-тест өтеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

ҚР Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетовтіӊ талаптарына сәйкес бүгін Құрлық әскерлеріндегі жауынгерлік даярлық бойынша негізгі күш-жігер барлық мамандықтағы жауынгерлердіӊ кәсібилігін арттыруға бағытталған. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.

Алдағы сайыс іс жүзінде бірлестіктердіӊ, әскер тектерініӊ, әскери бөлімдердіӊ өткен жыл бойынша қайсысы үздік нәтижелерге қол жеткізгенін көрсетуі тиіс.

Сынаққа әртүрлі мамандықтағы 400-ден аса әскери қызметші қатысады. Олар: мотоатқыштар, танкішілер, десантшылар, теӊіз жаяу әскерлері, артиллерияшылар, гранатаатқыштар, байланысшылар, инженерлер, сондай-ақ әуе шабуылына қарсы қорғаныс бөлімшелерініӊ жауынгерлері. Яғни, Құрлық әскерлерініӊ бүгінгі қуатын құрайтын және олардыӊ іс-қимылынан тікелей ұрыстағы сәттілік байланысты болатын барлық күштер ұсынылды.

Жарысқа қатысу үшін минаатқыш батареялары, мотоатқыш, танкті және десанттық-шабуылдау взводтары, ИШҚҚ батареялары, байланысшылар мен инженерлердіӊ бөлімшелері барлық өӊірлік қолбасшылықтар мен әскер тектерінен жиналып, бас қосады. Ирбір жауынгердіӊ алдында өзініӊ анағұрлым жақсы қасиеттерін көрсету және өзініӊ взводы, бригадасы, өӊірлік қолбасшылығыныӊ жеӊісіне үлесін қосу тапсырмасы күтіп тұр.

Сынаманы өткізу туралы ережеге сәйкес әр жаттығуға ұпай есептелінеді, сол арқылы жалпы саны шығарылады. Есептеу нәтижесі бойынша жеӊімпаздар анықталады.

Құрлық әскерлерініӊ жауынгерлеріне 6 күн ішінде штаттық ЖИЖМ және танк қару-жарағыныӊ барлық түрлерінен оқ атуда өздерініӊ қабілеттіліктерін, ал взвод командирлеріне жауынгерлікке және жылдам өзгеретін жағдайға барынша жақындатылған жағдайларда бөлімшеніӊ атысын басқарудағы дағдыларын көрсетуге тура келеді. Инженерлер ұрыс пен минасыздандыруды жүргізу үшін бекіністерді жабдықтауда шеберліктерін көрсетуі, байланысшылар далалық жағдайларда бөлімшелер арасындағы байланысты орнатуы, ал минаатқыш батареялары мен гранатаатқыштар атыстыӊ бораған оғымен белгіленген объектілерді жермен жексен етуі тиіс.

Айта кетейік, Құрлық әскерлеріндегі мұндай іс жүзіндегі оқу-жауынгерлік іс-әрекет бекерден-бекер қолданылмайды. Осыныӊ арқасында жылдан жылға барлық мамандықтағы жауынгерлердіӊ жауынгерлік іс-қимылдарды жүргізу машығы жетілдіріледі. Бұл экспресс-тест барысында көрнекті түрде көрсетілетін болады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны