05.02.2015, 10:09 3795

Алдағы күндері еліміздіӊ басым аумағында қар жауып, бұрқасындатады

Ұзақ уақыт бойы сақталған антициклон бірте-бірте бұзылып, оныӊ орнына республика аумағына оӊтүстік циклон еніп жатыр.

Астана. 5 ақпан. Kazakhstan Today - Синопктиктердіӊ болжамынша, Қазақстанныӊ басым аумағында алдағы күндері қар жауып, бұрқасындатады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

«Ұзақ уақыт бойы сақталған антициклон бірте-бірте бұзылып, оныӊ орнына республика аумағына оӊтүстік циклон еніп жатыр. Батыс, солтүстік және орталық облыстарда циклон әсерінен қар жауып, бұрқасындатады, оӊтүстік-батыстан секундына 15-23 метр жылдамдықпен жел соғады. Ал еліміздіӊ оӊтүстігі мен оӊтүстік-шығысында жауын-шашын жауып, тұман түседі, көктайғақ болады», - делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында, деп хабарлайды bnews.kz тілшісі.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны