20.01.2016, 19:02 4358

Алдағы күндері республиканыӊ басым бөлігінде қар жауады

"Қазгидромет" РМК 21-23 қаӊтарға ауа райы болжамын ұсынады

Астана. 20 қаӊтар. Kazakhstan Today - "Қазгидромет" РМК 21-23 қаӊтарға ауа райы болжамын ұсынады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Өткен тәулікте Қазақстан аумағында елеулі температуралық керағарлықтар байқалды. Батыста 19 қаӊтарда температура ауытқуы 10-12 С климаттық нормадан жоғары, шығыста 8-12 С төмен болды. Бұл шығыс аудандардыӊ ауа райын арктикалық суықпен қуатты антициклон айқындайтынына байланысты болды. Батыс облыстар жылу және ылғал қорыныӊ молдығымен оӊтүстік циклон ықпалында болды. Қыстыӊ дер кезіне қарамастан, оӊтүстіктіӊ жылылығы басымдық танытады, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

21-23 қаӊтар күндері жылы атмосфералық ағындар шығысқа араласады. Соныӊ салдарынан температура көтеріледі. Сондай-ақ қалыӊ қар түсу, боран, 15-20 м/с жел түрінде күрделі метеорологиялық жағдай күтіледі. Алайда 21-і орталықта, 21-22 қаӊтарда аяз сақталады. Тек республиканыӊ оӊтүстік облыстарында қалыптасқан суыққа қарамастан, бұрынғыша 3-5 С нормадан жоғары, жауын-шашынсыз болады", - деп жазылған хабарламада.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны