07.04.2015, 09:29 3834

Алдағы тәуліктерде еліміздіӊ барлық өӊірінде күн жылы болады

Алдағы екі тәулікте Ресейдіӊ еуропалық аумағынан ауысатын циклон ықпалынан еліміздіӊ батыс және солтүстік өӊірлерінде күн жауын-шашынды, қар жауады, көктайғақ болады деп күтілуде.

Астана. 7 сәуір. Kazakhstan Today - Алдағы екі тәулікте Ресейдіӊ еуропалық аумағынан ауысатын циклон ықпалынан еліміздіӊ батыс және солтүстік өӊірлерінде күн жауын-шашынды, қар жауады, көктайғақ болады деп күтілуде. Дегенмен күндіз республиканыӊ барлық облысында ауа температурасы нөлден жоғары болады, ал 9 сәуірге қарай 5-13ә градусқа дейін көтеріледі, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі

"Қазақстанныӊ оӊтүстігінде циклон әсерінен кей жерлерде жаӊбыр жауып, найзағай жарқырайды, күнніӊ бұлтты әрі жаӊбырлы болғанына қарамастан, күндіз ауа температурасы 17-25ә дейін көтеріледі, бұл климаттық нормадан 3-7ә жоғары", - деп мәлімдеді "Қазгидрометтен", деп хабарлайды bnews.kz тілшісі.

Шығыс Қазақстан, Атырау облыстарында түнде және таӊертеӊ тұман түседі. Ақмола, Оӊтүстік Қазақстан, күндіз Алматы облыстарында кей жерлерде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Қарағанды облысында кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады. Қостанай облысында кей жерлерде көктайғақ болады, 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады, желдіӊ жылдамдығы 15-20 м/с-ке дейін күшейеді. Қызылорда облысында кей жерлерде тұман түседі деп болжануда.

"Маӊғыстау облысында күндіз шаӊды дауыл көтеріліп, 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады", - делінген синоптиктердіӊ хабарламасында.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны