14.07.2015, 15:33 3677

Алдағы тәуліктерде Қазақстанныӊ алты облысында күн ыси түспек

Бүгін және алдағы күндері еліміздіӊ бірқатар өӊірлерінде аптап ыстық сақталады, деп хабарланған ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетініӊ сайтында

Астана. 14 Шілде. Kazakhstan Today - Бүгін және алдағы күндері еліміздіӊ бірқатар өӊірлерінде аптап ыстық сақталады, деп хабарланған ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетініӊ сайтында, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Атап айтқанда, 14-18 шілдеде күндіз Қарағанды, Жамбыл облыстарыныӊ кей жерлерінде өте қатты ыстық 40-43ИC күтіледі, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

14-20 шілдеде Алматы облысыныӊ кей жерлерінде +40, +43ИC болады.

Сондай-ақ 14-17 шілдеде Оӊтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарыныӊ кей жерлерінде 46ИC ыстық күтіледі. Ал 18-20 шілдеде Шығыс Қазақстан облысыныӊ кей жерлерінде ауа температурасы +40 - +43ИC дейін көтеріледі.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны