13.07.2016, 14:17 3320

Алдағы үш күнде ыстықтыӊ беті қайтып, өткінші жаӊбыр жауады

Алдағы үш тәулікте Қазақстанныӊ солтүстік бөлігінде циклонныӊ әсеріне байланысты ауа райы өзгереді. Жаӊбыр жауып, жекелеген аудандарда бұршақ түседі, температура әдеттегіден 1-3әС төмен болады

Астана. 13 шілде. Kazakhstan Today - Алдағы үш тәулікте Қазақстанныӊ солтүстік бөлігінде циклонныӊ әсеріне байланысты ауа райы өзгереді. Жаӊбыр жауып, жекелеген аудандарда бұршақ түседі, температура әдеттегіден 1-3әС төмен болады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Бұл туралы "Қазгидромет" хабарлайды.

"Республикамыздыӊ оӊтүстік және оӊтүстік-шығыс аудандары, циклонмен байланысты атмосфералық фронттардыӊ әсерінде болады. Шығыс жаққа ығысқан олар, кей жерлерге найзағайлы, өткінші жаӊбыр әкеледі, аптап ыстықтыӊ беті қайтқанымен, температура климаттық нормадан әлі де жоғары болады. Тек батыста ғана ауа райы жауын-шашынсыз және өте ыстық болады. Термометрдіӊ күндізгі көрсеткіші плюс 30-38ә болады, кей жерлерде 41әС-ға жетеді", делінген хабарламада.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны