20.02.2012, 09:10 3654

Алдағы үш жылда денсаулық сақтау саласына 1 трлн. 315 млрд теңге бөлінбек

Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінде өткен Үкімет сағатында Денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекова мәлім етті.

Астана. 20-ақпан. Kazakhstan Today - Алдағы үш жылда денсаулық сақтау саласына 1 трлн. 315 млрд теңге бөлінбек, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігі.

Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінде өткен Үкімет сағатында Денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекова мәлім етті.

Оның мәліметтеріне сүйенсек, 2011 жылы денсаулық сақтау саласын дамытуға, оның ішінде медициналық білім беруді қоса алғанда 631 млрд. теңгеден астам қаржы жұмсалған. Бұл 2010 жылдың көрсеткішімен салыстырғанда 12,1 пайызға жоғары. Ал 2012-2014 жылдарға арналған үшжылдық бюджетте денсаулық сақтау саласына қарастырылған шығыс 1 триллион 315 миллиард теңгені құрайды.

"Илемде көрініс тауып отырған экономикалық үдерістерге қарамастан мемлекет тарапынан бөлініп отырған бюджет қаражатының осыншама ауқымы біздерге үлкен міндет жүктейді. Осыған орай, ведомство басшылары бірқатар нақты іс-шаралар қамтыды", - дейді С. Қайырбекова.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны