02.12.2011, 10:19 3582

Алдағы үш жылда Қазақстанда ғылымға жұмсалатын қаржы 118 млрд теңгені құрайды

Бұл туралы кеше Алматы қаласында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған Қазақстан ғалымдарының форумы барысында мәлім етті.

Алматы. 2-желтоқсан. Kazakhstan Today - Алдағы үш жылда Қазақстанда ғылымға жұмсалатын қаржы 118 млрд теңгені құрайды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы кеше Алматы қаласында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған Қазақстан ғалымдарының форумы барысында мәлім етті.

Нұрсұлтан Назарбаев мемлекет Тәуелсіздік жылдарында ғылыми саланы дамытуға әрдайым зор көңіл бөліп келгенін атап өтті. Елімізде 20 жылдың ішінде ғылыми ұйымдар желісін 1,6 есе ұлғайтты. Қазір 400 ғылыми мекемелер, орталықтар мен өзге де құрылымдар бар. Ғылыми қызметті басқарудың жаңа әдістері, ғылымды қаржыландырудың базалық, гранттық және мақсатты-бағдарламалық тәрізді жаңа түрлері енгізілді. Жалпы 2012 жылы ғылыми зерттеулер саласындағы мемлекеттің шығысы 42 миллиард теңгені құрайды. Бұл өткен 3 жылғы көрсткіштен орташа алғанда, 2 есе көп. Таяу үш жылда ғылымға бөлінген шығыс 118 миллиард теңгені құрайтын болады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны