29.03.2010, 17:20 3008

Алдын-ала мәліметке сәйкес, Мәскеу метросында болған жарылыстан қаза тапқандар арасында Қазақстан азаматтары жоқ - ҚР СІМ

Алдын-ала мәліметке сәйкес, Мәскеу метросында болған жарылыстан қаза тапқандар арасында Қазақстан азаматтары жоқ - ҚР СІМ

Астана. 29 наурыз. Kazakhstan Today - Алдын-ала мәліметке сәйкес, Мәскеу метросында болған террорлық жарылыстан қаза тапқандар арасында Қазақстан азаматтары жоқ. Бұл туралы Астанада өткен брифингте ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Ілияс Омаров мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

" Алдын-ала мәліметке сәйкес, Мәскеу метросында болған жарылыстан қаза тапқандар арасында Қазақстан азаматтары жоқ ", - деді І. Омаров.

Еске сала кетейік, бүгін таңертең Мәскеу метросында екі жарылыс болды. Метроның "Лубянка" станциясында сағат 7.56-да, "Парк культуры" станциясында мәскеу уақытымен сағат 8.37-де жарылыс болды. Жарылыстардың салдарынан соңғы мәліметке сәйкес 39 адам қаза тапты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны