19.02.2007, 17:06 3035

Алдын-ала жорамал бойынша әскери МИГ-31 ұшағы техникалық ақауларға байланысты апатқа ұшыраған - ақпарат көзі

ҚАРАҒАНДЫ. 19-ақпан. Kazakhstan Today. Алдын-ала жорамал бойынша әскери МИГ-31 ұшағы техникалық ақауларға байланысты апатқа ұшыраған. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне бүгін қорғаныс министрлігіндегі ақпарат көзі хабарлады.

"МИГ-31 ұшағының апатқа ұшырауы техникалық ақауларға байланысты болуы ықтимал",- деді ақпарат көзі. Бұл Қарағандыдағы оқыс оқиғаны тексеріп жатқан арнаулы комиссия жасаған жорамалдардың бірі. "Нақты ақпарат шамамен бір аптадан кейін белгілі болады",- деді ол. "Қазір комиссия техникалық сараптама жасау үшін апат орнында ұшақтың қалдықтарын жинауда",- деді ол.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, республиканың қорғаныс министрлігіне қарасты МИГ-31 әскери ұшағы 16-ақпанда 21 сағат 08 минутта қарағанды әуежайына таяу жерде апатқа ұшыраған. Экипаждың екі мүшесі оқиға орнында опат болды.

Бүгін Қарағандыда авиациялық эскадрилья командирінің орынбасары - 28 жастағы Денис Федотовты жерлеу рәсімі өтті. Ал 32 жастағы штурман Андрей Леонтьевтің мәйіті өз туған жері- Семейге жіберілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны