10.05.2018, 20:25 3961

Илемге әйгілі балетмейстер "Астана Операда" шеберлік сабағын өткізді

Ирек Мухамедов - Ресейдіӊ Үлкен театры мен лондондық Корольдік балеттіӊ премьері, Афина операсы балет труппасыныӊ жетекшісі, РСФКР Еӊбек сіӊірген әртісі.

Астана. 10 мамыр. Kazakhstan Today - 5 мамыр күні "Астана Операда" әлемге әйгілі балет әртісі, педагог әрі хореограф Ирек Мухамедовтыӊ шеберлік сабағы өтті.

Ирек Мухамедов - Ресейдіӊ Үлкен театры мен лондондық Корольдік балеттіӊ премьері, Афина операсы балет труппасыныӊ жетекшісі, РСФКР Еӊбек сіӊірген әртісі. Сахналық мансабы жолында әртіс қаһармандық-романтикалық тұрғыдағы ұмытылмас бірқатар бейнелерді жасаған еді. Оныӊ асқан шеберлікті би мәнеріне темперамент, батылдық, таусылмас қуат пен күш тән. Аты аӊызға айналған хореографтар Ю.Григорович пен К.Макмиллан өз қойылымдарында арнайы оған партиялар жасаған. Ирек Мухамедов - әлемніӊ түрлі елдерініӊ мәртебелі марапаттарына ие. Олардыӊ арасынан Мәскеуде өткен беделді Халықаралық балет әртістері байқауыныӊ Бас жүлдесі мен Алтын медалін, әлемніӊ үздік бишісі ретінде Ганс Христиан Андерсен атындағы сыйлықты ерекше атап өтуге болады.

Ирек Мухамедов педагог әрі балетмейстер ретінде айрықша талап етіледі. Ол лондондық Корольдік балеті, Ағылшын Ұлттық балеті, Шотландия балеті мен Бордо Балеті, Ағылшын ұлттық балет мектебі, Бирмингем Корольдік балетініӊ қатысуымен Элмхурст би мектебі және т.б. өнер-білім ордаларында классикалық би сабақтарын өткізді.

- "Астана Опера" театрына келгеніме дән ризамын. Ерекше қуантатыны - Алтынай Асылмұратованы бұрыннан танимын, талай рет бірге билегенбіз. Труппаны көріп, әртістермен класста танысқым келді, сондықтан осы сабақты ұйымдастыруға ұсыныс тастадым. Меніӊ сабақтарымныӊ негізі - мәскеулік балет мектебі, Үлкен театр, Корольдік балет және т.б. ұжымдардағы еӊбек тәжірибем. "Астана Операныӊ" балет труппасы өте мықты, керемет, әртістері дарынды екенін атап өткім келеді, - деді Ирек Мухамедов.

Өз кезегінде, елордалық әртістер де балетмейстердіӊ кәсібилігіне жоғары баға берді.

- Театрымызда осындай ауқымдағы тұлғалармен оқу-жаттығулар бірінші рет өтіп жатқан жоқ. Ирбір педагогтыӊ өзіндік амал-тәсілі, ыӊғайы, мәнері бар, бүгін Ирек Мухамедов бізге өте қызықты шеберлік сабақ өткізді. Классикалық репертуардыӊ барлығын билегендіктен, ол сабақтыӊ қандай болуы керектігін айқын біледі, - деді "Астана Операныӊ" жетекші солисі, Қазақстанныӊ еӊбек сіӊірген қайраткері Ийгерім Бекетаева.

Балет труппасыныӊ жетекші солисі, Қазақстанныӊ еӊбек сіӊірген қайраткері Тайыр Ғатауов та әріптесімен толық келісуде.

- Ирек Мухамедовтыӊ классикалық сабақты өткізудегі қызықты әдістемесі бар. Ол әртістердіӊ назарын аударта отырып, күні бойы күш-қуаты артып, тонусы көтерілуі үшін оларды қалай қыздыру керектігін жақсы біледі. Бүгінгі жаттығуда ерлердіӊ би қимылдарына, секірістеріне басымдық берілді. Айналыс, орнықтылық, тепе-теӊдікте көптеген комбинациялар болды. Осындай керемет шеберлік сабақтарын ұйымдастыруда ықпал еткен балет труппасыныӊ көркемдік жетекшісі Алтынай Абдуахимқызы Асылмұратоваға үлкен алғыс білдіреміз. Атақты биші, балетмейстердіӊ шығармашылығымен етене жақын танысу - біз үшін керемет мейрам, - деп сөзін қорытындылады Тайыр Ғатауов.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны