04.07.2018, 14:16 1801

Илемніӊ 10-нан астам мемлекетінен келген дәрігерлер Түркістанда тегін медициналық көмек көрсетуде

Түркістан облысында дүние жүзініӊ түкпір-түкпірінен дәрігерлер келіп, жергілікті науқастарды қабылдап жатыр. Сегіз топтан тұратын 30 шақты медицина маманы Сайрам ауданында болып, тегін медициналық көмек көрсетті.

Түркістан. 4 шілде. Kazakhstan Today - Түркістан облысында дүние жүзініӊ түкпір-түкпірінен дәрігерлер келіп, жергілікті науқастарды қабылдап жатыр. Сегіз топтан тұратын 30 шақты медицина маманы Сайрам ауданында болып, тегін медициналық көмек көрсетті. Елбасыныӊ "Рухани жаӊғыру" бағдарламасыныӊ аясында жүзеге асып жатқан тарихи оқиға облыс әкімі Жансейіт Түймебаев пен облыстық денсаулық сақтау басқармасыныӊ басшысы Мұқан Егізбаевтыӊ қолдауымен жүзеге асып отыр.

Республикалық "МИР через ДУХОВНОСТЬ" қоғамдық бірлестігініӊ мүшелері, алдымен, облыстық клиникалық ауруханада "Халықаралық медициналық конференция" өткізіп, жергілікті медицина саласыныӊ жетекшілері және мамандарымен тәжірибе бөлісті.

"Біз бұрын-соӊды болмаған тарихи сәттіӊ куәсі болып отырмыз. Түркістан облысы әкімініӊ мұрындық болуымен жүзеге асқан маӊызды шараға келген
республикалық "МИР через ДУХОВНОСТЬ" қоғамдық бірлестігініӊ дәрігерлері мен еріктілердіӊ игі ісі көпке үлгі болары сөзсіз", - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасыныӊ басшысы М.Егізбаев.

Бұл шараға республикалық "МИР через ДУХОВНОСТЬ" қоғамдық бірлестігініӊ бас-аяғы 70-ке жуық мүшесі жұмылдырылған. Атап айтсақ, 42 медицина маманыныӊ 29-ы шетелдік (АҚШ, Англия, Германия және Малайзия), 9-ы ТМД елдерініӊ (Ресей, Изірбайжан, Украина, Молдова) және 4-уі қазақстандық дәрігерлер. Топпен бірге еріктілер мен аудармашылар да келген.

Алыстан ат арытып келген дәрігерлер 8 топқа бөлініп қызмет көрсетіп жатыр. Атап айтсақ, мамандар Сайрам аудандық ауруханасы мен "Қарабұлақ", "Манкент", "Қарасу", "Қарамұрт", Қайнарбұлақ" бастапқы медициналық - санитарлық көмек орталығы мен №12 Шымкент қалалық емханасына бекітілген халық арасында қабылдау өткізіп жатыр.

Шетелдік мамандардыӊ Сайрам ауданын арнайы өздері таӊдауы бекер емес. Өйткені, мұнда халық көп, тығыз орналасқан. Оныӊ үстіне, бірқатар елді мекендер қаладан шалғай орналасқан.

"Сайрам ауданында киелі жерлер өте көп. Арамыздағы азаматтардыӊ көбі дінге берілген десем болады, басым бөлігі - мұсылмандар. Еӊбегімізге ақы сұрамаймыз. Ұйымдастырушылар барлық жағдайымызды жасап берді. Ол үшін алғысымыз шексіз. Науқастарға жергілікті дәрігерлер қойған диагнозды растап, мұндағы мамандардыӊ сауаты мен біліктілігі жоғары екеніне көз жеткізіп жатырмыз. Илемдік дәрежедегі дәрігерлер, меніӊ пайымымша, түрлі медициналық техникасынсыз түк істей алмайтындай, бір сөзбен айтқанда, робот-дәрігер болып бара жатыр. Ал бұл жердіӊ мамандары ешбір техникасыз да ауруды дөп басып таба алатынына таӊ қалдық", - дейді аталған қоғамдық бірлестіктіӊ мүшесі Галина Корчагина.

Мұхит асып келген онкология, педиатрия, ревматология, стоматология, терапия, гинетика және гастроэнтерология саласыныӊ мамандары шілде айыныӊ 6-на дейін халықты тегін қабылдауға дайын. Бүгінніӊ өзінде жұмысшы топ күніне 1,5 мыӊға дейін науқас қабылдап, ем-домын жазып беріп жатыр. Кейбір дәрі-дәрмектер мен қажетті көзілдіріктерді мамандардыӊ өзі сайрамдықтарға тегін таратып бермек.

Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасыныӊ баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны