07.09.2015, 13:07 4711

Алғаш рет Қазақстанда оқу-жаттығу бес облыстыӊ аумағында өтеді

Алғаш рет Қазақстанда Құрлық әскерлерініӊ бас қолбасшысы генерал-лейтенант Мұрат Майкеевтіӊ басшылық етуімен ҚР бес облысында, яғни, Шығыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл, Оӊтүстік Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстарында бір уақытта өтетін "Айбалта-2015" ауқымды оқу-жаттығуы басталды

Астана. 7 Қыркүйек. Kazakhstan Today - Алғаш рет Қазақстанда Құрлық әскерлерініӊ бас қолбасшысы генерал-лейтенант Мұрат Майкеевтіӊ басшылық етуімен ҚР бес облысында, яғни, Шығыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл, Оӊтүстік Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстарында бір уақытта өтетін "Айбалта-2015" ауқымды оқу-жаттығуы басталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Бүгін Алматы облысыныӊ "Көктал" оқу-жаттығу полигонында оқу-жаттығудыӊ белсенді фазасы басталды. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.

Таӊсәріден бастап "Көктал" полигонында әрі-бері сапырылысқан, құмырсқадай қаптаған ығы-жығы адам. Яғни, 4000 әскери қызметші, шамамен 1800 бірлік техника мен қару-жарақ, 10 батальоннан астам жеке құрам мен нағыз журналистік "десант" - Қазақстанныӊ барлық өӊірінен жиналған БАҚ-тыӊ 20-дан астам өкілі Отанды қорғау қалай екендігін өз көздерімен көруге және барша қазақстандықтарға көрсетуге келді.

5 облыста бір уақытта өтіп жатқан "Айбалта-2015" оқу-жаттығуы ауқымдылығымен таӊ қалдыруда, жалпы алғанда, оған шамамен 10 000 әскери қызметші, Құрлық әскерлерініӊ 20-дан астам бөлімшесі, 2000-нан астам бірлік техника, ал жөнелту үшін 17 эшелон тартылды.

Онда Иуе қорғанысы күштері, ҰҚК Шекара қызметі және жергілікті билік органдары қатыстырылды. Тақырыппен дағдарыстық аудандарда бірлескен арнайы әскери операцияларды дайындау және жүргізу айқындалған. Тақырыпты таӊдау өзекті және қазіргі заманғы геосаяси өзгерістердіӊ маӊызды факторларымен қабылданған. Бүгінде әлемніӊ көптеген өӊірлерінде мемлекеттік бастамаларды босаӊсытуға талпынған экстремистік, лаӊкестік және сепаратистік ұйымдардыӊ жандануына байланысты жағдайдыӊ тұрақсыздандырылуыныӊ елеулі қауіп-қатері туындауда. Сондықтан "Айбалта-2015" оқу-жаттығуын өткізу әскерлердіӊ далалық машығыныӊ деӊгейін арттыру ісінде кезекті қадам болмақ, сондай-ақ арнайы операцияларда әртүрлі ведомствоаралық топтамаларды құру және қолдану мәселелерін зерттеуге мүмкіндік береді.

Оқу-жаттығудыӊ ортақ ниеті Иуе қорғанысы күштері, Шекара қызметі және жергілікті билік органдарымен өзара іс-қимылда арнайы операцияларды дайындау және жүргізу көзделеді. Осыныӊ нәтижесінде шартты заӊсыз қарулы құралымдар оқшауланып, жойылады, оларға ведомствоаралық топтамалардыӊ соққы күштерімен тойтарыс беріледі.

"Айбалта" жедел-тактикалық оқу-жаттығуы 18 қыркүйекке дейін өтетінін айта кеткен жөн.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны