07.04.2019, 15:58 12519

Алик Шпекбаев сыбайлас жемқорлықсыз өнегелі ұрпақты қалыптастыруға дін басыларын шақырды

"Сіздің әрқайсыңыз діни парыздарының тұрғысынан ғана емес, жалпы қабылданған адам моралінің нормалары тұрғысынан заңсыз әрекеттерге тыйым салуларды түсіндіре аласыздар. Біз үшін сіздермен діни қауымның мүшелері арасында мықты азаматтық ұстанымды және сыбайлас жемқорлық көріністеріне мүлдем төзбеушілікті тәрбиелеу мәселелерінде өзара іс - қимылды нығайту өте маңызды", - деп атап өтті Агенттік басшысы.

Нұр-Сұлтан. 7 сәуір. Kazakhstan Today - А.ж. 2 сәуірінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде "Сыбайлас жемқорлықсыз өнегелі ұрпақты қалыптастырудағы руханияттың рөлі" атты дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шараға Агенттік төрағасы Алик Шпекбаев, ҚР Ақпараттық және даму министрлігінің дін істері комитеті төрағасының орынбасары Бауыржан Бәкіров, Қазақстанның Бас мүфтиі Ораз Серікбай, Қазақстандағы Евангелия-лютерандық шіркеу басшысы, архиепископ Юрий Новгородов, Астанадағы Әулие-Успенский кафедралдық соборының протоиерейі Дмитрий Байдек, францискандық ордендер қауымдастығының басшысы Михаел Майетич, сондай-ақ өңірлік діни бірлестіктердің өкілдері бейнеконференцбайланыс арқылы қатысты.

"2 жыл ішінде еліміздің 2,5 мың мешіттерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы уағыздар жүргізілді" дей келе Алик Шпекбаев сыбайлас жемқорлықсыз өнегелі ұрпақты қалыптастырудағы дін басылардың рөлі туралы айтты.

Сөз сөйлеуінде А. Шпекбаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы табысты саясатты жүргізуде рухани мәдениеттің негізгі маңыздылығын атап өтті. Ол сыбайлас жемқорлық барлық әлемдік діндер мен рухани ой мектептерімен айыпталатынын, ал бөтен мүлікті заңсыз иемдену мен парақорлық күнә болып табылатындығын атап өтті.

"Сіздің әрқайсыңыз діни парыздарының тұрғысынан ғана емес, жалпы қабылданған адам моралінің нормалары тұрғысынан заңсыз әрекеттерге тыйым салуларды түсіндіре аласыздар. Біз үшін сіздермен діни қауымның мүшелері арасында мықты азаматтық ұстанымды және сыбайлас жемқорлық көріністеріне мүлдем төзбеушілікті тәрбиелеу мәселелерінде өзара іс - қимылды нығайту өте маңызды", - деп атап өтті Агенттік басшысы.

Жалпы өткен екі жылда 2,5 мың мешітте жұма намазының алдында "Парақорлық пен жемқорлықтың қасіреті" уағыздары оқылды.

Агенттік діни қызметкерлерді сыбайлас жемқорлыққа қарсы ағарту мәселелері бойынша дайындау мақсатында діни бірлестіктер үшін 300-ден астам семинар ұйымдастырды. Осы саланың 15 000-нан астам өкілі бүгінде қажетті ақпарат пен дағдыға ие.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру саласында қабылданып жатқан шаралар туралы хабарлай отырып, Агенттік төрағасының орынбасары Олжас Бектенов өскелең ұрпақтың еліміздің мектепке дейінгі мекемелерінде, мектептерінде, колледждері мен жоғары оқу орындарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбиемен және оқытумен қамтылғанын атап өтті.

"Адамдардың сыбайлас жемқорлықтан саналы түрде алшақ жүруі маңызды. Мұндай сенім адамның адамгершілік және рухани дамуы арқылы болуы мүмкін, - деп атап өтті Олжас Бектенов - мешіт, шіркеу, ғибадатхана, синагога және басқа да діни ғимараттар - бұл адамгершілік тәрбие орталықтары. Діни рәсімдерді, уағыздарды орындау кезінде сыбайлас жемқорлықтың күнә екендігі туралы үнемі түсіндіруді тәжірибеге енгізуді сұрағым келеді", - деді ол дін өкілдері.

Олжас Бектеновтың айтуынша, Қазақстанда 15 діни білім беру ұйымы, мешіттер мен жексенбілік мектептер жанында 400 бастауыш курстары, діни ғимараттардан тыс жерлерде діни іс-шараларды өткізуге арналған 383 үй-жайлар, діни әдебиеттер мен діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды таратуға арналған 257 арнайы тұрақты үй-жай жұмыс істейді.

Халықтың іргелі құндылықтарын нығайту мақсатында Агенттік діни қызметшілерді даярлаудың кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын осы рухани және діни білім беру ұйымдарының қабырғаларында сыбайлас жемқорлыққа қарсы ағарту мәселелеріне назар аударуды ұсынды.

Күн тәртібіндегі кең ауқымды мәселелерді талқылай отырып, іс-шараға қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы ағарту мәселелері бойынша бірлескен күш-жігермен жүзеге асырылатын бірқатар ұсыныстар мен ұсынымдарды айтты.

Шара соңында қатысушылар серіктестік принципі бойынша өзара іс-әрекет жасауға келісті, деп хабарлайды ҚР МҚІСЖҚІА баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны