29.11.2023, 16:34 53726

Алимент төлеуден жалтарған 6 мың борышкер жауапқа тартылды

Алимент төлемеудің негізгі себебі - борышкерлердің жұмысқа орналаспауы, тұрақты табыстың болмауы
Алимент төлеуден жалтарған 6 мың борышкер жауапқа тартылды, деп хабарлайды ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметінен.

Прокуратура органдары алименттерді өндіріп алу мәселесіне ерекше назар аударады және үйлестіру шараларымен сот орындаушылары, полиция, әкімдіктер және басқа да уәкілетті органдардың келісілген іс-қимылдарын қамтамасыз етеді.

Осы бағытта екі жыл ішінде прокуратурамен 236 мәжіліс, алқа және үйлестіру кеңестері өткізілді.

Алимент төлемеудің негізгі себебі - борышкерлердің жұмысқа орналаспауы, тұрақты табыстың болмауы.

Жағдайды шешу үшін кәсіпкерлерді тарта отырып 200-ге жуық бос орындар жәрмеңкесі ұйымдастырылды.

Жұмыспен қамту органдарында 20 мың жұмыссыз борышкер есепке алынды, оның 9,5 мыңы жұмысқа орналасты. 500-ден астам түрлі ынталандыру шаралары өткізілді (акция, рейдт, әлеуметтік ролик, билбордтар және басқалар).

Алимент өндіруден жалтарған 6 мыңға жуық борышкер әкімшілік және қылмыстық жауаптылыққа тартылды.

700 қадағалау актісі бойынша тәртіптік жазада 825 жеке сот орындаушы жазаланды.

Жүйелі және кешенді шаралар қабылдау нәтижесінде проблемалық іс жүргізулердің санын үштен біріне дейін қысқартуға мүмкіндік берді немесе 75 мыңнан 50 мыңға дейін.

140 мың баланың пайдасына 23 млрд теңгеге қарыз өтелді, сонымен қатар қарыз есебіне борышкерлердің 322 мүлкі өндіріп алушыларға берілді.

Бүгінде қарыз сомасы 22 млрд теңгені құрайды.

Осыған байланысты прокуратура органдары борышкерлердің есепке алынбаған және жаңа кіріс көздерін анықтау үшін жаңа тәсілдер мен алгоритмдер әзірледі: такси қызметіндегі мобильді қосымшалар арқылы жұмыс істеу (Яндекс, inDriver, DiDi, Uber), букмекерлік кеңселердегі ставкалар, электрондық әмияндар және т.б.

Сот орындаушылар борышкерлердің осындай табыстары туралы мәліметтерді прокурордың санкциясы арқылы алады.

Мысалы, Қарағанды облысында прокурорлар электрондық әмияндарда ақшаны жасырған 86 төлемеушіні анықтады.

Кірістерден өндіріп алуға мүмкіндік беретін заңнамалық түзетулер енгізу туралы ұсыныстар Әділет министрлігіне және Парламент депутаттарына жіберілді.

Алименттерді өндіріп алу және балалардың құқықтарын сақтау мәселелері прокуратура органдарының тұрақты бақылауында.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны