23.02.2015, 15:43 3493

Алыс аудандарда тұратын қазақстандықтар әлеуметтік төлемдер тағайындауға құжаттарын өз елді мекендерінен шықпай-ақ бере алады

2015 жылғы мамыр айынан бастап аудан орталықтарынан алыс елді мекендерде тұратын азаматтар үшін "Қазпошта" АҚ және мобильді халыққа қызмет көрсету орталықтарыныӊ мамандары зейнетақы мен жәрдемақы тағайындауға, сондай-ақ, медициналық-әлеуметтік сараптама қызметініӊ мүгедектікті белгілеуіне құжаттарды қабылдайды

Астана. 23 ақпан. Kazakhstan Today - 2015 жылғы мамыр айынан бастап аудан орталықтарынан алыс елді мекендерде тұратын азаматтар үшін "Қазпошта" АҚ және мобильді халыққа қызмет көрсету орталықтарыныӊ мамандары зейнетақы мен жәрдемақы тағайындауға, сондай-ақ, медициналық-әлеуметтік сараптама қызметініӊ мүгедектікті белгілеуіне құжаттарды қабылдайды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Қазіргі уақытта 1 млн. 191,8 мыӊ адам немесе ел тұрғындарыныӊ 15,4% Халыққа қызмет көрсету орталықтары және Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтыӊ бөлімшелері жоқ ауылдық елді мекендерде тұрады.

Азаматтарға қызметтер көрсету (құжаттарды қабылдау және есеп-шот ашу) олардыӊ тұратын жерлеріне барып көрсетіліп, жайлылық пен оӊайлатылған тәртіпті қамтамасыз етіп, мемлекеттік қызметке кететін шығын мен уақытты үнемейді.

Ағымдағы жылғы 17 ақпанда ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінде өткен кеӊейтілген алқа мәжілісінде министр Т.Дүйсенова ҚР ДСИДМ мамандары денсаулық сақтау және әлеуметтік-еӊбек салаларында ұсынылатын қызметтер сапасын арттыруға күш салатынын мәлімдегенін естеріӊізге саламыз.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігініӊ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны