03.06.2015, 16:24 3812

Алыс және жақын шетелдердіӊ жетекші мамандары астаналық дәрігерлерге шеберлік сабақтарын өткізді

2015 жылғы 18-31 мамыр аралығында Астананыӊ №1 қалалық ауруханасы базасында Литваныӊ Вильнюс университетініӊ Сантариш клиникасыныӊ мамандары реабилитолог, кинезитерапевт, эрготерапевт, логопед сияқты мамандарға шеберлік сабақтарын өткізді

Астана. 03 Маусым. Kazakhstan Today - 2015 жылғы 18-31 мамыр аралығында Астананыӊ №1 қалалық ауруханасы базасында Литваныӊ Вильнюс университетініӊ Сантариш клиникасыныӊ мамандары реабилитолог, кинезитерапевт, эрготерапевт, логопед сияқты мамандарға шеберлік сабақтарын өткізді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Іс-шара мақсаты - инсульт және көп жарақат алған науқастарды оӊалтуда инновациялық тәсілдер енгізу.

Оқу-клиникалық орталық базасында мамырдыӊ 19-21 аралығында Сент-Луис (Миссури, АҚШ) университетініӊ ортопедиялық хирургия департаментініӊ профессоры Жолдас Құлжановтыӊ қатысуымен травматолог, жедел жәрдем және қабылдау бөлімдерініӊ дәрігерлеріне арнап "Тіркес жарақаттар кезінде медициналық көмек көрсетудіӊ заманауи стандарттары" тақырыбында шеберлік сабағы өтті.

Оқу барысында астаналық дәрігерлер дәрістер тыӊдап, алған білімдерін тәжірибелік сабақтарда бекітуге мүмкіндік алды.

20-25 мамыр аралығында №2 қалалық аурухана базасында И.Пирогов атындағы Ресей ұлттық зерттеу медицина университетініӊ балалар анестезиологиясы және қарқынды терапия бөлімініӊ профессоры, симуляция бойынша халықаралық топтыӊ (GISP) үйлестірушісі, д-р Уго Лоайс Левано және Григорий Мораньон (Мадрид, Испания) госпиталініӊ педиатрия және қарқынды терапия бөлімініӊ мамандары "Қарқынды терапия, жедел көмек және қабылдау бөлімдерініӊ мейіргерлеріне арналған мейіргер ісі бойынша симуляциялық курс" шеберлік-сабағын өткізді.

Оқыту шаралары медициналық көмектіӊ сапасын арттыруға бағытталған. Теориялық әзірліктен басқа шеберлік сабақтары барысында Астана қаласыныӊ балалар стационарларыныӊ мейіргерлері арнаулы манекендерде клиникалық оқиғаларды ұқсата отырып, түрлі медициналық амалдарды пысықтады.

Курс соӊында қатысушыларға сертификаттар берілді.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігініӊ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны