05.04.2007, 16:34 3831

Алқа билер соты қылмыскерді өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасына кесті

ӨСКЕМЕН. 5 - сәуір. Kazakhstan Today. Өскеменде Шығыс Қазақстан облысындағы алқа билердің қатысуымен өткен бірінші сот аяқталды. Сотталғандардың бірін өмір бойы бас бостандығынан айыруға үкім шығарылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Естеріңізге сала кетейік, Шығыс Қазақстан облысында алқа билердің қатысуымен бірінші сот отырысы 27-наурызда басталған болатын. 15 эпизод бойынша, соның ішінде 4 адам өлтіру қылмысын жасаған сотталушылардың орнында төрт адам бар.

Үш айыпталушы - Юлия Ермоленко, Антон Меньшенин және Евгений Богданов - қарақшылық шабуыл, ұрлық және заңсыз жолмен келген мүлікті сату сияқты үш бап бойынша кінәлі деп танылды.

Сонымен қатар, соңғы екеуіне адам өлтірді деген айып тағылды.

Сот Юлия Ермоленконы он жылға, Антон Меньшенинді 25 жылға, Евгений Богдановты өмір бойы бас бостандығынан айыруға және жазаны қатаң тәртіптегі абақтыда өтеуге үкім шығарды. 19 жастағы Вадим Блиновқа екі жақтың бітімгершілігі үшін жаза тағайындалмады.

Кәсіби соттардың пікірінше, күтпеген жерден өте қатаң жаза тағайындалды. Дегенмен, алқа билер олардың пікірімен келіспейді. "Меніңше, біз әділ жаза тағайындадық", - деді алқа би Вера Куртукова.

"Менің ойымша, алқа билердің жұмысы оңай емес. Моральдық тұрғыдан өте қиын. Осы зұлымдықтың бәрін өзің сезінесің, және де Қылмыстық кодекстен хабардар болуың керек. Егер ұйымдастыру туралы айтатын болсақ, онда сот пен кәсіби соттарға қатысты ешқандай шағым жоқ",- деп қосты В. Куртукова.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны