12.08.2026, 14:13 20806

Алматы тұрғыны Балқаш жағалауына көлікпен кіргені үшін бес тәулікке қамалды

Оның автокөлігі арнайы айып тұрағына қойылды
Алматы тұрғыны Балқаш жағалауына көлікпен кіргені үшін бес тәулікке қамалды
Сурет: Polisia.kz
Балқаш көлінің жағажайына көлікпен кірген 32 жастағы Алматы тұрғыны бес тәулікке әкімшілік қамауға алынды, деп хабарлады ІІМ баспасөз қызметінен.

Оқиға Жамбыл ауданының Үлкен ауылы маңындағы Балқаш көлінің жағалауында орын алған. Тексеру барысында Алматы қаласының 32 жастағы тұрғыны Арыстанбек Абу автокөлігімен азаматтар, оның ішінде балалар демалып, шомылып жатқан жағалау аумағына барғаны анықталды.

Тексеру қорытындысы бойынша құқық бұзушы ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сот шешімімен Арыстанбек Абу 5 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Ал оның автокөлігі арнайы айып тұрағына қойылды.
 
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны