18.05.2016, 09:12 3819

Алмагүл Ахметжанова "Хабар" агенттігі" АҚ Басқарма төрайымы болып тағайындалды

Бұған дейін А.Ахметжанова "Хабар" агенттігі" АҚ Басқарма төрағасыныӊ бірінші орынбасары қызметін атқарып келген. Бүгін ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев "Хабар" Агенттігі" АҚ ұжымына жаӊа басшыны таныстырды

Астана. 18 мамыр. Kazakhstan Today - Алмагүл Ахметжанова "Хабар" агенттігі" АҚ Басқарма төрайымы болып тағайындалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Бұған дейін А.Ахметжанова "Хабар" агенттігі" АҚ Басқарма төрағасыныӊ бірінші орынбасары қызметін атқарып келген. Бүгін ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев "Хабар" Агенттігі" АҚ ұжымына жаӊа басшыны таныстырды, деп хабарлайды BNews.kz.

Алмагүл Ахметжанова 2016 жылғы 16 мамырда Мемлекет басшысыныӊ өкімімен ҚР Президентініӊ баспасөз хатшысы болып тағайындалған Айдос Үкібайдыӊ орнына келді, деп хабарлайды "Хабар" агенттігі.

Алмагүл Ауғалиқызы Ахметжанова 1975 жылы 4 желтоқсанда Алматы қаласында дүниеге келген. ҚазМҰУ 1998 жылы "Илеуметтану" мамандығы бойынша тәмамдаған. Магистр дәрежесі бар.

Алмагүл Ахметжанова Агенттіктегі өз еӊбек жолын 1999 жылы редактор және продюсер лауазымында бастады. 2002- 2004 жылдары бағдарламалар дирекциясыныӊ жетекшісі, 2005-2011 жылдары бағдарламалар дирекциясыныӊ директоры, 2012 жылдан бастап күні бүгінге дейін - Басқарма төрағасыныӊ бірінші орынбасары лауазымында қызмет етті.

"Хабар" Агенттігі" АҚ - медиа холдингі 1995 жылы құрылды және Қазақстанда және шет елде қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде хабар тарататын "Хабар" арнасы, жерсеріктік арна "Kazakh TV", тәулік бойы ақпарат тарататын арна "24 KZ" және мәдени-ағартушылық "Білім және Мәдениет" атты төрт арнадан тұрады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны