16.02.2017, 21:09 5312

"Алмас қылыш" фильмі қазақстандық прокатта алда келеді

Алғашқы екі апта ішінде 2,5 мыӊнан астам сеанс, оныӊ 60% қазақ тілінде, ал 40% орыс тілінде көрсетілді. Фильмніӊ кинотеатрлардағы көрсетілімі әлі де жалғасуда.

Алматы. 16 ақпан. Kazakhstan Today - 2017 жылғы 5-қаӊтарда үлкен экрандарға жол тартқан Рүстем Ибдірашевтыӊ "Қазақ Елі" киносериалыныӊ кинонұсқасы - "Алмас қылыш" көркем фильмініӊ бүгінгі күнніӊ есебі бойынша жинаған сомасы 72 млн 172 мыӊ теӊгені құрап отыр,- деп хабарлайды "Қазақфильм" АҚ баспасөз қызметі.

Алғашқы екі апта ішінде 2,5 мыӊнан астам сеанс, оныӊ 60% қазақ тілінде, ал 40% орыс тілінде көрсетілді. Фильмніӊ кинотеатрлардағы көрсетілімі әлі де жалғасуда.

Бұл ауқымды тарихи жобаныӊ авторы - ҚР Президенті Н.Назарбаев. Фильм ҚР Мәдениет және спорт министрлігініӊ тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ "CentauRus" Rustem Abdrashev production" ЖШС-ніӊ қатысуымен түсірілген. Фильмніӊ сценарийі Ілияс Есенберлинніӊ "Алмас қылыш" романыныӊ негізінде жазылған.

2016 жылы Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ 8 толықметражды көркем фильмді прокатқа шығарды, оныӊ үшеуі көшбасшылар қатарында болды. Мысалы, Ақан Сатаевтыӊ "Анаға апарар жол" фильмі прокатта 147 млн. астам теӊге жинаса, режиссер Қанағат Мұстафинніӊ "Он алты қыз" фильмі 70 млн. астам теӊге, ал Андрей Шальопаныӊ "28 панфиловшы" картинасы 61 млн. астам қаржы жинады.

Сонымен қатар, Сергей Снежкинніӊ "Жұлдыздар тоғысқанда" фильмі, Сатыбалды Нарымбетовтыӊ "Аманат" тарихи фильмі, Серік Ибішев пен Руслан Магомадов түсірген "Үзілмеген үміт" драмасы және режиссер Батырхан Дәуренбековтыӊ "Қазақ Елі" анимациялық фильмі прокаттан жақсы табыс тапты.

Одан бөлек, "Қазақфильм" киностудиясы қоржынындағы 2015 жылы және осыған дейін түсірілген фильмдер шектеулі прокатқа шыққан болатын. 2016 жылы телевизиялық прокатқа, сандық телеарналарда және ұлттық тасымалдаушы борттарда Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясы түсірген жалпы алғанда 140 толықметражды көркем фильм, 104 деректі фильм және 37 анимациялық фильмдер көрсетілді.

Анықтама: Ш. Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ - Көркем, деректі, анимациялық кино өндірісі мен өндірістен кейінгі кезеӊде тұрған өнімдермен (оныӊ ішінде монтаждау, дыбыстау, т.б.) айналысатын Қазақстандағы негізгі кинокомпания. Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясыныӊ тарихы 1934 жылдан бастау алады, дәл осы жылы Алматы кинохроника студиясы құрылды, ал 1941 жылы Алматы көркем фильмдер студиясы деп өзгертіліп, киностудияныӊ өндірістік негізі барынша нығая түсті. 1941 жылы 15 қарашада Алматы киностудиясы Қазақстанға эвакуацияланған "Мосфильм және "Ленфильм" киностудияларымен бірлесіп, Бірлескен Орталық киностудия болып қайта құрылып, Алматыда 1944 жылғы дейін жұмыс істеді. Соғыс жылдары кезеӊінде отандық көркем фильмдердіӊ 80 пайызын аталмыш Орталық киностудия шығарды. 1960 жылы "Қазақфильм" атауына ие болды. 1984 жылы киностудияға ұлттық кинематогрфияныӊ көрнекті қайраткері Шәкен Аймановтыӊ есімі берілді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны