12.10.2018, 18:53 9946

"Алматы-1" теміржол вокзалыныӊ айналасы қалай өзгерді

Жұмыс сапары кезінде Түрксіб ауданын аралаған Алматы әкімі Бауыржан Байбек рекноструцияланған "Алматы-1" теміржол вокзалыныӊ айналасын және вокзал алдындағы көлік қозғалысын ұйымдастырудыӊ сызбасын көрді.

Алматы. 12 қазан. Kazakhstan Today - Жұмыс сапары кезінде Түрксіб ауданын аралаған Алматы әкімі Бауыржан Байбек реконструцияланған "Алматы-1" теміржол вокзалыныӊ айналасын және вокзал алдындағы көлік қозғалысын ұйымдастырудыӊ сызбасын көрді.

Вокзалдыӊ алдындағы жаӊарған алаӊға бұрынғы ескі асфальттыӊ орнына тротуар плиткасы төселген, жасыл желек аумағы кеӊейген, 40-тан астам ағаш отырғызылған. Кіші пішінді архитектуралық формалар қойылып, Иліби Жангелдин ескерткішініӊ сырты жаӊарған.

Қоғамдық қауіпсіздікті арттыру мақсатында видеобақылау камералары қойылған.

Теміржол вокзалыныӊ тура алдына қоғамдық көлікке басымдық беретін қондырғылар орнатылған, өтпелі жолдарда қауіпсіздік қатаӊ сакқталған. Жақын арада заманауи форматтағы бекет кешендері орнатылады.

Алматы әкімі Мемлекет басшысыныӊ туризм және көлік- логистикалық қызмет секторын дамытуға айрықша назар аударатынын атап өтті. Биылғы жылы қалада "Алматы-1" және "Алматы-2" теміржол вокзалдарыныӊ айналасы қайта жаӊарды, енді біраз жылдардан соӊ "КТЖ" АҚ ғимараттардыӊ өздерін модернизациялайтын болады. "Сайран" халықаралық автовокзалы да қатар реконструкциялануда.

"Мемлекет басшысыныӊ Жолдауында қалаларда тұрғындар үшін қолайлы жағдай жасау қажеттігі атап өтілген. Біз келер жылы да Алматыныӊ тарихи орталығы мен әр ауданды модернизациялауды одан әрі жалғастырамыз. Соӊғы жылдары Түрксіб ауданында аулалардыӊ 50%-дан астамы абаттандырылды. Ендігі жылы тағы 200 аула жаӊарады, осылайша қаламыздыӊ қарт ауданыныӊ барлық аулалары қайта жасалады", - деді Бауыржан Байбек.


Бұлардан өзге, келер жылы Түрксіб ауданында жаяу жүргіншіге басымдық беру үшін Сауранбаев көшесі модернизацияланады, екі сквер қайта жасалады. Сүйінбай даӊғылынан Ержанов көшесіне дейінгі Шолохов көшесі жөнделеді, тротуарлар кеӊейіп, жасыл желек отырғызылады..

Айта кетерлігі, қала кеӊістігін жақсарту аясында мегаполистіӊ тархи орталығыныӊ үштен екісі жаӊарды, 524 көше мен 1400 ескі аулалар қайта жасалды. 300 км арық, 800 км астам инженерлік жүйе реконструкцияланды. Қаланыӊ барлық жер асты жолдары күрделі жөндеулерден өтті.

Көшедегі барлық жарық көздерініӊ үштен бірі диодты және энергияны сақтайтын шамдарға ауыстырылды. Жыл аяғына дейін жаӊа қоғамдық көліктіӊ үлесі 80%-ға жетеді.


Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны